«Жалынның» ең үздік «Love Story» бейнебаяндары

«Жалынның» ең үздік «Love Story» бейнебаяндары
Фото: Жалын production

Бүгінде жастар арасында «Love Story» бейнебаяндарын түсіру кең етек жайып келеді. Мұны тойлар мен әлеуметтік желілерден көріп те жүрміз. Бүгін осы тақырып төңірегінде сөз қозғауды жөн санап отырмыз.

«Love story» — жазылуында көрсетіліп тұрғандай ағылшын тілінен аударылғанда «махаббат хикаясы», не «махаббат тарихы» деген мағына береді. Бұл бейнебаянда жастар басты рөлді өздері сомдайды. Өздерінің алғашқы танысқан сәттері мен қызықты оқиғалары жайлы сюжет өрбітеді. Негізінен «Love story» - суреттер жиыны, слайд шоу, қысқа бейнебаян, фильм түрінде болады.

«Love story» түсіргенде сюжеті үлкен мәнге ие. Оқиға желісіне байланысты түрлі жерлерде түсіруге болады. Сондай-ақ, қос ғашық қана емес, достарыңызды да шақырсаңыз артықтық етпейді. Естелік болып қалары анық. Ал сәтті шығуы – сіз ұсынған оқиға желісі және түсірушінің шеберлігіне тікелей қатысты. Назарларыңызға Шымкент қаласындағы «Жалын production» студиясы түсірген «Love Story» бейнебаяндарын ұсынамыз. Көріп бағасын бере отырыңыздар.

Ө. Сансызбай