Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

15 сәуір. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

15 сәуір. Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

15 сәуір - Ғашықтар күні таяп келеді. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық. 

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. 

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды...

Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. 

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

сурет: flickr.com, .altynsarin.ru

16999 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 09 сәуір 2013, 15:59
Пікірлер
+0
09 сәуір 2013, 15:55

суреттегі қос ғашық Қыз Жібек пен Төлегенге ұқсайды екен

+0
09 сәуір 2013, 15:58

бағана біреу сұрап еді ссылкасын бермесем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...