Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Жұматай сүйген Ләйлә

15 сәуір. Жұматай сүйген Ләйлә

15 сәуір. Жұматай сүйген Ләйлә

Ақын Жұматай Жақыпбаевтың өмірден өткеніне біраз жылдың жүзі болды. Өлең оқитын кез келген оқырман оны сүйіктісі Ләйләға арнап жазған көптеген лирикалық жырларынан таниды.

Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.

Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспастан қара жерше сүйемін, - деп жырлады ақын. 

 

Адамзат өмірге келгеннен түрлі махаббатқа кезігеді. Махаббаттың да түр-түрі боларына сендік. Жұматайдың махаббаты тым ерекше. Ол өлеңдеріне арқау болған аруды өмірінде тек үш рет қана көрген. Онымен қыз-жігіт болып, қол ұстасып жүрмеген де... Айлы түнде сейілдеп, сұхбат та құрмаған. Ақын жүрегіне келбеті келісті, меңді сұлу бірден әсер етті. Ол оған ессіз ғашық болды. Жұматайдың поэзиясынан Ләйлә образы осылайша теуіп тұрып орын алғаны бар. Біз ақынның жырларын оқи келе мұндай да махаббаттың боларын білдік.

Жұматайдың музасына айналған Ләйлә ақынның жарының алыс туысы (аталас нағашы апасының қызы) болып келеді.

Жұматай алғаш Ләйләні би кешінде көріп қалған екен. Есіктен кіріп келген сұлға бірден көзі түскен. Ләйлә да келбетті ақынға кет әрі емес екенін білдіріп, оны биге шақырған. Биге шықпай қойған ақынға Ләйлә орамалын ұсынып, шығып кеткен. Бұл Жұматайдың Ләйләні алғаш көруі еді.

Ойламай жүріп жан бар деп жалғанда керім,
Әлемнен мынау көңілім қалғанда менің
Өзіңді көріп өспірім, көзіңді көріп,
"Ақын болсам, - деп, - атақты", армандап едім, - деп содан бастап ақын ғашықтық жырларын бұрқыратып жаза бастаған.

Өлеңдегі музасын тапқан ақын сүйіктісін екінші рет КазГУ қалашығынан сырттай көріп қалған. Ол кезде Ләйләнің жанында бөтен жігіт тұрған соң, ақын жақындауға бата алмаған. Үшінші рет ауылда көрген. Мәскеуге оқуға кеткен Ләйлә елге оралғанда сыртынан ғана көріп, көз қуанышына сырттай тәнті болған. Мұны өз әңгімелерінде Жұматайдың жары Зайда Елғондинова растайды.

Адам қатар өсірген айламенен,
Айнала ағаш жап-жасыл айнала - емен,
Көлеңкеден шығасың... Басталады
Бір фильм «Ләйлә» деген.

Ғажап фильм осынау өңірдегі ең,
Соны көріп мұңаям, көңілденем.
Жазып, қойып, шығарған режисері
Бірақ оның Өмір деген, - дейді Жұматай. Өмір атты режисері жасап шығарған ғажап фильм ақын өмірінде көрсетілмесе де, өлеңінен көрініс тапты. Ол өзінің бар саналы ғұмырында Ләйләні сүйді.

Қайтқамын жоқ қайда жүрсем бір беттен,
Жоқ мені өмір дөкей де еткен, дүр де еткен.
Дәме етпеймін мен ешқандай жоқтаудан,
Дәметпеймін мен ешқандай құрметтен.

Кетер күнім... Келер, келер ол-дағы,
Бір қаралы шеру шығар жолға әлі.
Сол бір кезде жан баласы жыламай
Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны, - деп өтті ақын. Иә, ол өмірден өткенде, қолына жас сіңген орамал алып қол бұлғап артында Ләйлә өксімеді. Бірақ оны Ләйлә жайлы жырлар шығарып салған шығар. Иә, иә, Ләйләға толы өлеңдер өксіген болар...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер:vk.com, akzere.dosym.kz 

14999 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 16:19
Пікірлер
+0
10 сәуір 2013, 16:36

Ләйлә десе Ләйлә ғой, шіркін!! Оны ардақтап өткен Жұматай да, бәрін түсіне білген Зайда апай да құрметке лайық кісілер деп білемін!

+0
10 сәуір 2013, 16:37

Жұматай ағаның жырларына тәнтімін!

+0
10 сәуір 2013, 17:16

көрінгеннен сұрадым көрінбедің, эфирлерден жыладым естімедің...қандай әдемі еді?! сұңқар қанатында сорғалаған әдемілікке сүйінбеу - қиянаттың ұлысы! Жұматай нағыз шәйір ғой!

+0
10 сәуір 2013, 20:27

Қандай күшті! Әсерлі екен

+0
11 сәуір 2013, 10:05

керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...