Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту

15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту

15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту

Сезім – шексіз әлем. Шексіз дүние. Ал біз сол шексіздікті қашанғы өлшеп жүретін пендеміз. Махаббаттан адамдар арасында сұлулыққа деген де сезімдер мен рухани жан-дүниеге деген де сезімдер пайда бола бастайды екен.

Адам баласы адам болып жаралғалы еркек және әйел ретінде бөлініп келеді. Бірақ осы екі ұғымның арасында ешқашан өшіп те, үзіліп те кетпейтін күш бар. Ол әрине – махаббат!

Махаббат жолына сезім білдіру, көңілін табу, сөз салу сынды көптеген кезеңдер кездесіп жатады. Осы айтылған кезеңдер тек ер адамдарға тән. Олай болары, қыз баласы ер адамның өзіне сөз салып келгенін қалайды. Қыз баланы қанша әлсіз қылып жаратқан болса, сонша да тәкаппар әрі намысын өзгеге оңайлықпен беріп қоймайтындай етіп жаратқан-ау. 

Өмірдің нарқы,

Келу де кету бір сурет,
Жүректе мұңмен,
Көңілде қайғы мың бөлек,
Өзгерту үшін өмірдің сырлы келбетін,
Жүректі емдер,
Көңілді тербер ән керек.

Сағыныш толы, ғашықтық күндер көрікті,
Біздерге тағдыр махаббатты сыйғып беріпті.
Алламыз бізді бір-бірімізге жұп қылып,
Сүйіскен жастар біріне-бірі еріпті.

Махаббат деген тіл жетпес асыл бір сезім,
Әнімен тербер, ғашық боп жүрген кездерің.
Мәңгілік менің жүрек төрімде қалар-ау,
Көңілім құлап, ғашық боп жүрген кездерім.

Өмірдің көркі,
Махаббатта ғана деседі,
Махаббат қана мәңгілік ғұмыр кешеді.
Елінің мәңгі есінде қалды емес пе,
Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн кешегі.

Осынау өлең жолдарына қарап отырып та ойлануға болар еді. Махаббаттың шексіз құдіретке ие екенін түсінер шақ – ғашықтықта. Ал енді сол ғашықтың тілінде сөйлеп көрсек.


Жігіт егер қызға деген сезімін білдіргісі келіп жүрсе, онда алдымен қызға жағар қылығы болғаны дұрыс. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген қазақта. Әр заманның қоғамы басқа. Кешегі заманға салса, осынау нақыл сөздің қажеті молынан болар ма еді. Бұл күнде жастар тілімен қызға сөз салуды суреттер болсақ, жігіт сөз салу дегенді «жүру» деген санасыз ойдың бір ұшқынмен жалғастырады. Сүйгеніңді сүйіп тұрып, оған деген ыстық ықыласыңды біліп тұрып, оған сөз салып, үйлену жайында сөз қозғай алмау ол – кінә емес. Себептер көп болуы да мүмкін, жасық бәлкім, әлде көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ шынайы және жасанды нәрсе деген бар ғой. Шынайы махаббат өлмейді.

Сөз – істің көлеңкесі. Сөзбен суреттеген әрекетіңді өмірде істей білсең, махаббатың да, сезімің де жоғалмайды. Үйлену үшін де ерлік пен жігер керек. Кез келген қыз «Бұл менің болашағым, ол мені асырай ала ма, жоқ па?!» деген сұрақтың төңірегінен шыға алмайды. Сүйгеніңе сөз салып, онымен бірден бақытты болып кетем деген ой болса, батылдау болғандарыңыз жөн!

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ 

Сурет: thenews.kz

16331 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 13 сәуір 2013, 13:27
Пікірлер
+0
14 сәуір 2013, 07:54

Романтикалық сәт қой ең бір

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...