Оймақтай ой адамның жүрегіндегі жан сырын жеткізе алатын құдіретке ие. 15 сәуір - ғашықтар күніне орай, махаббат туралы үздік афоризмдерді ұсынамыз.
| 1. | Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай |
| 2. | Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол. Абай |
| 3. | Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. Қ.А. Яссауи |
| 4. | Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың. Ел аузындағы сөз |
| 5. | Махаббат көп жігіт пен көп қызды өмір бойы қуып жүретін жалғыздықтан құтылудың басты жолы. Бертран Рассел |
| 6. | Тірі адамды сүйгеннен гөрі, тәтті естелікті сүю оңай. Пьер Ла Мюр |
| 7. | Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес |
| 8. | Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир |
| 9. | Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. Чарльз Диккенс |
| 10. | Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон |
![]() | |
| 11. | Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады. Оскар Уайльд |
| 12. | Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо |
| 13. | Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау. Стендаль |
| 14. | Жан ғашықтардың еріндерінде тоғысады. П. Шелли |
| 15. | Қырық жасқа дейін құлай сүймесең, одан кейін сүйіп қалмауға тырыс. Б. Шоу |
| 16. | Кемпірқосақ туралы армандасаң, жаңбыр астына қалуға дайын бол. Долли Партон |
| 17. | Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар. Сырым Датұлы |
| 18. | Менің дінім - махаббат. О. Сүлейменов |
| 19. | Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций |
| 20. | Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. Абай |

| 21. | Баланы да, досты да сүюді үйренген соң барып, жақсы көреміз. Ал ер адам сүюді әйелден үйренеді. Р.Вагнер |
| 22. | Бір адамның екінші адамға қатты қызығуы үшінші адамның дүниеге келуіне ықпал етеді. Х. Ягодзиньский |
| 23. | Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау. Б. Грассе |
| 24. | Сүю - бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Антуан де Сент- Экзюпери |
| 25. | Махаббаттың бір сағатында бүкіл өмір жатыр. Оноре де Бальзак |
| 26. | Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро |
| 27. | Әйелдер оларды түсіну үшін емес, сүйікті болу үшін жаралған. Оскар Уайльд |
| 28. | Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей |
| 29. | Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. Ж.П. Рихтер |
| 30. | Махаббаттағы айрылысу отты үрлеген жел секілді, сезімі әлсізді тұншықтырып, сезімі мықтыны лаулатады. Р. Бюсси |
Суреттер: tululu.ru, mail.ru
