Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан азаматты азаптаған полицейлер сотталды

Алматыда 17 қаңтарда үш полицейдің соты өтті. Олар қаңтар оқиғасына қатысқан азаматты азаптағаны үшін әртүрлі мерзімге сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудандық сот Х., Б. және Қ.-ға қатысты азаптау фактісі бойынша (ҚР ҚК 146-бабы 2-бабы 1-тармағы) қылмыстық істі қарады.

Сот 2022 жылғы қаңтарда Р. есімді азамат төтенше жағдай кезінде көлікті заңсыз иемденді деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілгенін анықтады. Ал Б. мен Х. Р.-ны жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және зардап шеккен әріптестері үшін кек қайтару мақсатында физикалық қысым көрсетіп, азаптаған. 

Ал Қ. әріптестерінің заң бұзғанын біле тұра басшылыққа ескертпеген. Осылайша, қызмет барысында әрекетсіздік танытқан. 

Б. мен Х. Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі "Азаптаулар" бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне 3 жыл тыйым салынды. Ал Қ. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 2-1 бөлігі "Қызметтегі әрекетсіздік" бабымен кінәлі деп танылды. Сот үкімімен 1,6 жылға бас бостандығы шектеліп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтын болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!