«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр ақын өлеңі афоризмге айналып үлгергелі қашан?! Қазақтың домбырамен жаны егіздей. Бар болмысы, мінез-айнасы қасиетті қара домбыраның шанағына тұнғандай. Қос ішекке тіл бітсе салқар дала сөйлеп кеткендей болады. Онымен қосылып Қазақтың көмейіне сөз бітіп, ақтарыла көсіліп тұрғандай әсер береді...
Кеше ғана Ақорданың инстаграмдағы парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра тартқан видеосы жарияланды. Мемлекет басшысы Алматыдағы сапары барысында «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» барды. Онда Елбасы орталыққа өзінің жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді тарту етті. Сонымен қатар, Президент қазақтың ұлттық аспабын шертті.
Бүгін назарларыңызға Нұрсұлтан Әбішұлының домбырада ойнаған видеоларын ұсынамыз.