Бесік жыры

Жаңа отбасын құрған жас аналар бесік жырын айтуды ұмытып бара жатқан сыңайлы. Бірі қалай айтуды шынымен білмейтін болса, бірі ескермейді. Ал бала жақсы азамат боп өсіп-жетілуіне бесік жырының әсері мол. Біз ұсынған бесік жырының мәтінін бір шолып шығып, әуенімен ілесіп айтып отырсаңыз, аз уақытта жаттап аларыңыз анық. Балаларымыздың болашағына немқұрайлы қарамайық.

Келші, келші, балашым

Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да...

Қуанышым, арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.

Не деп енді мақтайын,
Айтуға сөз таппаймын.
Мақтап кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші, келші, балашым,
Бір иіскемей жатпаймын.

Бесік жыры

Бесік жыры

Тәй — тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай.
Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің,
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.

Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным
Менің мөлдір тұнығым, кәусәр бұлағым.
Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным
Қадамыңа ақ нұры, жаусын алланың.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.