Әсет Найманбаев – асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса, әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға.
Әсет шығармашылығы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Оның музыкалары мен өлеңдерінен арман-мұраты, өкініші мен қуанышы, жан дүниесі сезіледі. Әсеттің әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған, эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.
Назарларыңызға Әсеттің 4 түрлі нұсқада орындалған "Мақпал" әнін ұсынамыз.