Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында.
Бүгін назарларыңызға Абайдың "Ата - Анаға Көз Қуаныш", "Татьянаның Хаты", "Айттым Сәлем Қаламқас", "Сегіз Аяқ" (Абзал Қуанышұлы), "Сегіз Аяқ" (Жүсіпбек Елебеков) атты әндерін ұсынамыз.
Сурет: Галия Карри