Қаңтар қайтты, ақпан келді, бірақ әлі де аяз бар.Сынап бағанасы күндіз де, түнде де -13 -15 градустан төменді көрсетіп тұр. Осындай сақылдаған сары аязда сыртта жүріп аяқ-қолыңызды үсік шалса, не істеу керек? Ескеретін жайт, үсіпқалған денеңізді қармен немесеқолғап, шарф секілді өзге де заттарменысқыламаңыз. Ол теріңізге едәуір зақым келтіріп, инфекция түсіруі мүмкін. Спирт немесе май жағудыңқажетіжоқ. Спиртдененібірден қыздыруы мүмкін, ол домбыққан жерге мүлдем кері әсер етеді. Жылынуды жәймен бастаңыз. Егер де бірден ыстық суға салсаңыз, ол теріңізге зақым келтіреді. Алдымен жылы суды қосып, ақырындап температурасын көтеру қажет. Үсіп қалғандененідәкемен орап қойыңыз. Ол жылу береді және инфекция түсуден сақтайды. Белгілі бір үскен жерді ғана емес, бүкіл денеңізді жылытыңыз. Ең қарапайым түрі көрпеге оранып,бір-екішыны шәй ішіңіз. Зақымданған аймақтың қайта үсіп қалуына жол бермеңіз. Қайта домбығудың салдары әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Дайындаған: Әбдіманап Нұржан