Үсік шалса не істеу керек?

Үсік шалса не істеу керек?
Фото: theverge.com

Қаңтар қайтты, ақпан келді, бірақ әлі де аяз бар. Сынап бағанасы күндіз де, түнде де -13 -15 градустан төменді көрсетіп тұр. Осындай сақылдаған сары аязда сыртта жүріп аяқ-қолыңызды үсік шалса, не істеу керек?

– Ескеретін жайт, үсіп қалған денеңізді қармен немесе қолғап, шарф секілді өзге де заттармен ысқыламаңыз. Ол теріңізге едәуір зақым келтіріп, инфекция түсіруі мүмкін.

– Спирт немесе май жағудың қажеті жоқ. Спирт денені бірден қыздыруы мүмкін, ол домбыққан жерге мүлдем кері әсер етеді.

– Жылынуды жәймен бастаңыз. Егер де бірден ыстық суға салсаңыз, ол теріңізге зақым келтіреді. Алдымен жылы суды қосып, ақырындап температурасын көтеру қажет.

Үсіп қалған денені дәкемен орап қойыңыз. Ол жылу береді және инфекция түсуден сақтайды.

– Белгілі бір үскен жерді ғана емес, бүкіл денеңізді жылытыңыз. Ең қарапайым түрі көрпеге оранып, бір-екішыны шәй ішіңіз.

– Зақымданған аймақтың қайта үсіп қалуына жол бермеңіз. Қайта домбығудың салдары әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget