Кейде адамда тыныс алу қиындап, өзін жайсыз сезінетін сәттер кездеседі. Әсіресе, қоғамдық көліктерде немесе адамдар көп ортада мұндай жағдайға тап болатын жандар баршылық. Ендеше тыныс алу қиындағанда не істеу керек екені туралы аз-кем айта отырайық.
Шынашақ саусағының тырнағын бас бармақпен қатты басады.
Тыныс демікпесінле тыныс тарылғанда ақжелкек пен лимон қоспасын ішеді.
Картопты қабығымен пісіреді де соның буымен дем алады.
Сүйелшөптен дайындалған тұнбаны ішеді. Ол үшін 1 ас қасық сүйелшөпке 200 мл. спирт құяды да 2 апта тұрады. Осы мерзім өткеннен кейін тұнбадан ұстама кезінде 20 тамшыдан ішеді.
Көкірек тұсын қолды майлап, болмаса сулап, кейде қатты сүлгімен массаж жасау керек.
Тыныс тарылу кезінде жусан немесе өгейшөптің түтінін иіскесе, жақсы көмектеседі.