Reddit – әлеуметтік желі мен форумды біріктірген платформа. Ол жерде қолданушылар түрлі ақпараттармен бөлісіп, тақырыптар ұсынады. Танымал болған тақырыптарды тред деп атайды. Бүгін реддит платформасында қызу талқыға түскен тақырыппен бөліспекпіз. Қолданушылар халық арасында кеңінен танымал аман қалу кеңестерімен және олардың салдарымен бөліскен болатын. Сол мысалдарды сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
1. "Фильмдер де адамның жоғалғаны туралы хабарлау үшін бір тәулік өтуі керек деген ақпарат береді. Ал өмірде жоғалғанын хабарлау үшін 24 сағат өткенін күтудің қажеті жоқ", — Inner-English-678
2. "От жанына дымқыл тас қоюға болмайды. Өйткені, қызған кезде ішіндегі дымқылдың жылдам булануы әсерінен қысым көбейіп, тас жарылуы әбден мүмкін", — GORDON1014
3. "Қатты тоңған жағдайда ыстық сумен немесе денені уқалау арқылы жылынуға болмайды. Ол тек зиянын тигізеді. Ең қарапайым және қауіпсіз жолы – денені өзге дене жылуы арқылы баяу жылыту", — Grungemaster
4. "Мүк ағаштың тек сол жағында өседі деген түсінік бар. Шынында ол кез келген жағында өсе береді. Сол себепті оған қарап жол іздеуге кеңес бермейміз", — dildothegreat87
5. "Жылыну үшін алкоголь өнімін пайдануға болмайды: денеңізге жылу тарағандай болғанымен, гипотермия болу қаупі әлдеқайда жоғары", — Morning_Throbber
6. "Шөл далада қалған жағдайда су болмаса кактус сұйықтығын ішуге болады деп ойлайды. Кактустардың шырыны әдетте қышқылға бай болады. Сол себепті оны ішу диареяға әрі дененің сусыздануына алып келеді", — Kraymur
7. "Кей жерде аллигатордан қашу кезінде жолдың қиылыспалы болуы маңызды дейді. Бірақ аллигаторлар әдетте өз жемтігін ұзақ қашықтыққа дейін қумайды, ал қиылыспалы жол кезінде адам тез шаршайды. Сондықтан барынша тіке жолмен қашыңыз, аллигатор қуудан жалығып кетеді. Ол жылдам болғанымен, құрғақ жерде адам соңынан қуған жағдай өте сирек кездеседі", — TchaikenNugget
8. "Сүлік денеге жабысқан кезде оны бірден алып тастау немесе түсуі үшін тұз себу керек деген кеңестерді жиі естимін. Бірақ бұлай істеуге болмайды. Олардың денесі шырышты қабықтан ғана тұрады. Тұз сепкен кезде, денесі қатты ауырады. Сол себепті тісін жіберместен бұрын, құсуы мүмкін. Нәтижесінде сіздің қаныңызға паразиттер мен вирустары бар жануар қаны мен адам қаны араласқан қан түседі.
Сүліктен құтылудың ең қарапайым тәсілі оған бастаған ісін аяқтауға мүмкіндік беру. Оның іші толған бойда өзі-ақ түсіп қалады. Есесіне қаныңыз таза күйінде қалады", — Legs4daysarmsformins
9. "Апаттан кейін көліктен шығу керек деп ойлаймыз. Бірақ, қанша жерден қозғала алсаңыз да, орныңызда қалуға кеңес береміз. Қозғалыс кезінде сынған сүйектер тері мен ішкі ағзаларға әсер етуі мүмкін. Мойын омыртқасының қозғалыс кесірінен үзіліп кеткен кезі жиі кездеседі", — Kulous
10. "Шөл далада адасып қалсаңыз, суды үнемдемеңіз. Бұндай жағдайда қанша уақыт өткізетіңіз белгісіз, суды үнемдеу одан сайын ағзаның сусыздануына себеп болады. Шөлдеген кезде су ішіп алсаңыз, оңай қимылдай аласыз әрі ойыңыз да жинақы болады. Шөл далада қаза тапқан адамдардың көбінен суы бар бөтелке табылған", — EpicMindvolt