Жаз. Жеңіл киім. Табиғат аясы. Саяхат. Нағыз демалатын шақ. Бір күндік қансорғыштар да мұндай мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді. Яғни, дәл қазіргі уақытта олардың дәурені жүріп тұруы мүмкін. Сіздерге маса шаққан жағдайда жасауға болатын шараларды ұсынып отырмыз. Жаз уақытында еркін тынығыңыз!
Скотч
Масаның шаққан орнына скотч жапсырсаңыз, қышығына басылады. Әдетте түнде жапсырға жақсы. Ұйқылы-ояу жатып, денеңізді тырнап, жарақаттап алуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, маса шаққан бойда скотч жапсырып тастаңыз.
Аспирин
Бір тал аспирин дәрісін майдалап уатыңыз. Қоймалжың тектес болғанша шым-шымдап су тамызыңыз. Езбені маса шаққан орынға жағыңыз. Ацетилсалицил қышқылы ауруды басып, қышуды тоқтатады.
Геморройға қарсы мазь
Геморрайға қарсы барлық жақпа май жарының орнын басып, қышуды тез қайтарады. Егер теріңіз нәзік болса, жараның орны тез қайтпайтын болса, осындай жақпа май көмекке келеді.
Тіс пастасы
Тіс пастасы ісінудің бетін қайтарады. Ол үшін сізге тіс пастасының жалбыз қосылған түрін алу керек. Маса шаққан орынның басылғанын бірден байқайсыз.
Тырнақпен басу
Мұны көбіне балалар жасауы мүмкін. Ойын баласы маса шаққан орынды тырнағының ұшымен басып тастайды. Бұл қышуды басады. Бірақ, тырнақтың микроб көп жиналатын орын екенін ескерсек, қауіптілігін байқаймыз.
Банан қабығы
Бұл да жүзеге асып жататын әдіс. Банан жеп отырғанда маса шағып алса, осы тәсілді қолднсаңыз болады. Терінің ісінуін баспаса да, қышуды қайтарады.
Тырнаққа арналған түссіз лак
Масаның шаққан орны жараға оттегінің тиюінен қышиды. Ал тырнаққа арналған түссіз лак жараға оттегінің тиюін тежейді де, теріні ісінуден, қышудан сақтайды.
Сұлы
Сұлы ұны мен суды араластырып, қоспаны шаққан орынға жағып, 10 минут қоя тұрыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз
Шаш кептіргіш
Маса шаққан соң, терінің астында қышынуды пайда болдыратын ақуыз қалады. Егер шаққан орынды жылылық ақуызды таратып жібереді. Қышу да тез тоқтайды. Бастысы, шаш кептіргішпен теріні күйдіріп алмаңыз.
Лимон мен лайм
Цитрустар антибактериалды қызмет атқарады. Жараның үстіне лимон не лаймның бір тамшы шырынын тамызып қойыңыз. Қышу тоқтайды. Бір ескерерлігі маса шаққан орынға цитрусты шырын тамызған соң, күн көіне шығып кетпеңіз. Тері күлдіреп кетуі мүмкін.
Есіңізде болсын!
Маса шаққан орынды мейлінше дереу сумен жуыңыз.
Маса шаққан орынды тырнағыңызбен тырнамаңыз. Терінің ісінуіне жін қашынуға әкеп соқтырады.
Егер сіз басқа жерге барып, ол жерде сізде маса жағатын болса, сізге басқаша әсер етуі мүмкін. Өйткені бір күндік қансорғыштар әр жерде әртүрлі болады екен.
Терісі құрғақ адамдарды маса шақса, терісі майлыларға қарағанда қатты қышиды.