- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Жүрек талмасы кезіндегі...
Жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек
Мамандардың айтуынша, әрбір жетінші адам жүрек ауруынан көз жұмады екен. Сол себепті, жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелерін бәріміздің біліп жүргеніміз абзал.
1. Жүрек талмасы кезінде науқастың сол жақ көкірек тұсы шаншиды. Денесі ауырлық сезініп, қан қысымы көтеріліп, қысылады. Сөйлей алмай, қызып немесе мұздайды. Бұндай белгілермен асқазан және жүрек ауруларын шатастырып жатады. Жүрек талмасының қосымша белгілері:
• Тыныс алудың қиындауы;
• Суық тер;
• Тұншығу, ісу;
• Асқазан ауруы;
• Бас айналу;
• Жүректің шамадан тыс қатты соғуы.
2. Бір ерекше жағдай, әйел жаратылысы мен ер адамдардың жүрек талмасында айырмашылықтар бар. Мына белгілер тек әйел адамдарға тән.
• Жауырынның (ту сырты), сол жақ иықтың ауруы;
• Жақтың ауруы;
• Қолдың ауруы;
• Әлсіздік;
• Ұйқысыздық.
3. Жедел жәрдемге хабарласыңыз. Олар келгенше, жақын адамдарыңызға хабар беріңіз.
4. 325 грамм аспирин дәрісін 30 секунд төңірегінде тістемей, ұртыңызда ұстай тұрыңыз.
5. Егер дәріге қарсы тітіркендіргіш қасиетіңіз болса, ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамаңыз.
6. Бұндай жағдайда көлік айдамаңыз, тіпті, отырмаңыз да. Талып қалған жағдайда көлік апатына ұшырап, қайғылы жағдайға душар боласыз. Егер көлік айдамай, ішінде отырып, талып қалсаңыз, сізді ешкім байқамай қалуы мүмкін. Мейлінше, сыртта болуға тырысыңыз.
7. Сабыр етіңіз, өзіңізді «бәрі жақсы болады» деп тынышталдырыңыз.
8. Жүрек соғысыңызды қадағалаңыз, әсіресе, «бір-бір-мың, екі-бір-мың, үш-бір-мың...» деп санағаныңыз жақсы.
9. Аяғыңызды биікке қойып, шалқаңыздан жатыңыз. Бұл оттегі жұтуға көмектеседі.
10. Ашық терезе, есік немесе желдеткіш алдында жатып, кең тыныс алып, демалыңыз.
11. Жөтелмеңіз.
12. Тамақ, су ішпеңіз. Суды ішуіңізге болады. Онда да, тек аспиринді асқазанда еріту үшін.
13. Ең бастысы, қалтаңызда ұялы телефоныңыз бен дәріңіз жүрсін.
Жүрек талмасы бұл өте кең тақырып болғандықтан, бүгінгі айтылған кеңестерді тек тамшылары ғана деп біліңіз. Сондықтан, алдағы уақытта да біз бұл тақырыпқа айналып келіп, сіздерге кеңінен мағлұматтар береміз.
Оқи отырыңыздар:
Қанды йодсыз қалай тоқтатуға болады?
Сурет: naturalhealingnews.com, naturalhealth365.com.
Е. Жұмабайұлы