- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Жалғыз қалғанда жүрегіңіз...
Жалғыз қалғанда жүрегіңіз ұстаса, не істеуге болады?
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, үйде жалғыз қалғанда, аяқ астынан қысылып, жүрегіңіз ұстап қалып жатса, өз-өзіңізге көмек көрсете аласыз ба? Егер деңеңіз ауырлап, өзіңіздің талықсып бара жатқаныңызды сезсеңіз, қандай да бір әрекет жасауға небары он-ақ секундыңыз бар. Осы кезде қандай шара қолдану керек?
Дәрігерлердің айтуы бойынша, мұндай уақытта адам өзін-өзі көтере алмай, басы айналып, жүрегін ұстап қалады екен. Науқастың жанында дәрі-дәрмегі жоқ болған кезде мынадай әдістермен өз өмірін сақтай алады.
1. Жүрек тұсын (құлақ қалқанын) бас бармақпен жоғары-төмен бағытта 20 рет уқалау керек. Бұл әдіс — талықсыған денені оятудың бір түрі.
2. Бұл кезде терең тыныс алып, кейін барынша қаттырақ және жиі жөтелу керек екен. Бір рет терең тыныс алған соң, әр екі секунд сайын жөтелді қайталап отырған дұрыс.
Бұл әдістің пайдасы қандай?
Терең тыныс алу өкпеге оттекті жеткізуге мүмкіндік береді. Ал жөтел жүректің соғысы мен қан айналым жүйесін реттеп отырады. Жедел жәрдем келіп, дәрігерлер емін жасағанға дейін өзіңіз де осылай амалын жасап, өз-өзіңізді құтқарыңыз.
Жүрек талмасы бар жандардың қалталарында міндетті түрде дәрі-дәрмегі болуы керек. Ол жұмыс үстелінен де, жатын бөлмесінен де, сөмкесінен де табылуы шарт. Оған қоса, ұялы телефоны болғаны жөн. Жедел жәрдемге не танысыңызға дереу хабарласу үшін қалта телефоныңыз қосулы болғаны дұрыс. Жүрек мазаламай, сыр бермей тұрған күннің өзінде де терең тыныстап, көп көлемде ауа жұту керек.
Е. Жұмабайұлы