- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Есінен танып қалған...
Есінен танып қалған адамға алғашқы көмек көрсету туралы
Адам есінен танып калса, қалай көмектесу керек? Мұндай жағдаймен кез келген жерде, кез келген уақытта бетпе-бет келуіңіз мүмкін. Науқасқа қалай көмектесуге болады?
1. Адамды тегіс жерге жатқызыңыз. Науқас тыныш жатуы керек, орын ауыстыруға болмайды. Басына ештеңе қоймаған дұрыс. Естен тану - миға қанның құйылуының әсері, сондықтан, басты көтергенде науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін.
2. Бұл кезде қан қысымы төмендеп кететіндіктен, тамыр соғысы білінбейді. Сондықтан, жасанды тыныс алу мен жүрекке массаж жасамаған дұрыс.
3. Жағаның түймесі мен белдікті босатыңыз.
4. Егер естен танған адамның аузы ашық болса, онда оны ақырын жауып қою керек, сонда адам мұрнымен тыныс алады, ал өткір иіс дем алуды реттейді.
5. Еріннің үстіңгі жағы мен мұрынның арасындағы нүктені басыңыз. Бұл өте маңызды нүкте. Ол тездетіп ес жиюға көмектеседі. Сол себепті, оны жедел жәрдем нүктесі деп атайды.
6. Құлақтың сырғалығын мұқият уқалаңыз. Олар адамның басымен тікелей байланысты, ол жерде мидың және барлық ағзалар жүйесінің жұмысын реттейтін нүктелер бар.
7. Екі колдағы "хэгу" деп аталатын нүктені уқалауға болады. Олар бас бармақ пен сұқ саусақтың ортасында орналасқан. Бұлар – ағзаның жұмысын ынталандыратын нүктелер.
Сурет: lifedon.com.ua
Ж. Исакаев