- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Ашқарынға мына тағамдарды...
Ашқарынға мына тағамдарды тұтынбаңыз
Таңертең ашқарынға кез келген өнімді пайдалана беруге болмайды. Асқазанның көңілін қайтармай көзімізге көрінген тағамды жей салғаннан тек өзіміздің денсаулығымыз құриды. Сондықтан ашқарынға төмендегі тағамдарды тұтынбаңыз.
Ашытқысы бар өнімдер. Құрамында ашытқысы бар тағамдар асқазанды желге толтырады. Сондықтан таңертең аш кезде тамақтан бұрын ашытқы қосылған тағамдардың бәрінен бас тартуға тура келеді.
Йогурт. Йогурт өнімдері анау айтқандай пайдасыз емес. Әйткенмен тамаққа дейін оны пайдаланудың еш пайдасы жоқ. Бұған ашқарынға пайдасы да, зияны да жоқ тағам ретінде қарауға болады. Өйткені өнім асқазанға еш әсерін бере алмайды. Тойдыра да алмайды.
Кофе. Құрамында кофеині бар кофе секілді өнімдерді ашқарынға пайдаланғанның пайдасы жоқ. Себебі кофе тамақ тілеп отырған асқазанға түскен бойда адамның тәбеті одан сайын ашылады. Ал егер сіз кофеден соң артынан ештеңе жемесеңіз, тәбеті ашылған асқазан «ашуға» мінеді. Құр кофемен жүре берсеңіз, біраз уақыт өтпей асқазан жарасы «қонаққа» келеді.
Цитрусты жемістер. Цитрусты жемістердің құрамында қышқыл көп болғандықтан, ол жаймен асқазанды «жей» береді. Егер асқазанға байланысты ешқандай мәселеңіз болмаса, осы ескертуге құлақ асу керексіз.
Алмұрт. Білетіндер «Алмұрт ағзаға таңертең – у, кешке – гүл» дейді. Алмұрттың құрамында жасұнық (клетчатка) көп болғандықтан, ол тағамның тез сіңіп бойға тарауына кедергі жасайды.
Сарымсақ. Сарымсақ та кофеин секілді ішті күйдіретін ащы өнім болғандықтан, ет қабына айтарлықтай зиянын тигізеді.
Салқын сусындар. Суық сусындар асқазан түтіктерін тарылтады. Осының кесірінен қанайналым жұмыстарында мәселе туындай бастайды. Сондықтан салқын сусындарды тамақ алдында емес, тамақтан соң бір сағат шамасында пайдалану керек.
А. Әбілхан