Инсульт – мидағы қан тамырлары қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Инсульт және оның алғашқы белгілері жайында өткен жазбамызда тарқата жазған едік. Ал бүгін "Осы дертке шалдыққан адамға қалай қол ұшын береміз?" деген сұраққа қытай дәрігерлерінің көзқарасымен жауап береміз.
Негізінде, қытай емшілерінің инемен массаж жасайтынын бәріміз білетін едік. Осы иненің тағы да бір сыры ашылғандай. Профессорлардың айтуы бойынша, бұл емнің көмегі зор. Инсультті бұндай шипамен емдеу XVII ғасырда қолданылса керек. Ол үшін қарапайым медициналық шприц немесе тігін инесі, не болмаса түйреуіш келеңсіз жағдайда табуға ыңғайлы жерде тұрғаны абзал.
Адам инсульт алған кезде, мидың қантамырлары жаймен жарыла бастайтын көрінеді. Қандай жағдай болмасын, инсульт алушыны жатқан жерінен оқыс қозғамау керек. Өйткені, дене қозғалысынан қантамырлары жарылып кетуі мүмкін.
♦ Зардап шегуші инсульттің әсерінен тағы да талып құлап қалмауын қадағалау керек.
♦ Содан кейін инелермен жұмысқа кірісесіз.
♦ Инелерді отқа ұстап, залалсыздандырыңыз.
♦ Науқас қолдарының 10 саусағына да инені түйреңіз.
♦ Инелерді саусаққа шаншудың арнайы нүктелері жоқ. Бірақ, тырнақтан сәл-пәл алшақтау етіп қадаңыз.
♦ Саусақ басынан қан шығатындай етіп қадаңыз.
♦ Кейде саусақтан қан шықпай қалатын кездері болады ғой. Ондай сәтте өз саусақтарыңызбен науқастың саусақтарын қаттырақ қысыңыз.
♦ 10 саусақтан да қан тамшылары пайда болса, шамалы уақыт күте тұрыңыз.
♦ Тағы бір жағдай: инсульт алушының жағы қисайып кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда, оның екі құлағын да қызарғанша уқалаңыз.
♦ Қызарған соң, құлақтың сырғалығын да инемен екі рет шаншыңыз. Олардан да қан тамшылары шығуын күтіңіз. Бірер минуттан кейін науқас өз қалпына келеді. Науқас есін жиған соң, ауруханаға апару керек.
"Бастапқыда, бірден жедел жәрдем шақырып, науқасты көлікке жеткізгенге дейін, қатты қозғалыс әсерінен мидың қантамырлары жарылып, қайғылы жағдай туар еді", - дейді қытайлық профессорлар. Яғни, науқас физиологиялық әрекет жасамауы тиіс.
Қосымша ақпарат:
Бұл Қытайдың дәстүрлі медицинасының докторы Ха Бу Тиннің берген шипасы екен.
Бұл әдісті тәжірибеде қолданып көрген мына жағдайды да атап өтуді жөн санадық. 1979 жылы Тай Чунг қаласындағы Фунг Гаап колледжінің оқытушысы, Ха Бу Тиннің шәкірті болған Лю Чунг өзінің әріптесін осы әдіспен инсульт ажалынан құтқарып қалған. Бірде Чэнь Фу Тянь есімді меңгерушінің өңі қашып, жағы қисайып, инсульт алған екен. Лю мұғалім оқушыларын дәріханаға жіберіп, медициналық шприцтер алуға жұмсапты. Сөйтіп, 10 саусағына ине тығып, қан алады. Науқас Чэньнің өңі кірсе де, жағы орнына келмеген. Жоғарыда аталғандай, құлағын қызарғанша тартып, құлақтың сырғалығына инені екі рет қадап, қан алған. Науқас Чэнь 3-5 минуттың ішінде өз-өзіне келіп, есін жиыпты.
Әрине, барлық келеңсіз жағдайлар осындай қуанышпен аяқталса игі еді. Бұл әдісті қажет деп тапсаңыз, өз жадыңызда жүрсін, көп ажалдың алдын алып, өзгенің өмірін сақтап қаларсыз, бәлкім!
Оқи отырыңыз:
1. Инсульттің алғашқы белгілері
2. Есінен танып қалған адамға алғашқы көмек көрсету туралы
3. Қан тоқтатудағы алғашқы көмек
4. Жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек
Сурет: geoteachka.ru