Зерттеу: Жалған ақпарат терроризмнен қауіптірек

Зерттеу: Жалған ақпарат терроризмнен қауіптірек
Фото: Sarah Rieke

АҚШ азаматтарының көпшілігі фейк жаңалық терроризмнен, расизмнен және климаттың өзгеруінен де қауіпті деп санайды. Бұл – Pew Research Center зерттеу орталығы жасаған сауалнаманың нәтижесі.

Сауалнамаға қатысқан 6000 адамның 50%-і фейк пен жалған ақпаратты Америка үшін үлкен проблема деп атады. Дей тұрғанмен, климаттың өзгеруін 46% адам, расизмді 40%, терроризмді 34% адам үлкен проблема деп атаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 68%-і фейк пен "ойдан шығарылған жаңалықтар" адамдардың мемлекеттік құрылымдарға деген көзқарасына әсер етеді деп санайды.

Респонденттердің 57%-і фейк жаңалықтардың пайда болуына саясаткерлер мен мемлекеттік құрылымдар кінәлі десе, 36%-і бұған журналистер кінәлі дейді. Көбі осы мәселені қоғам мен журналистер шешуі керек деп санайды.

Ал 52% адам әлеуметтік желідегі жалған ақпаратты таратуға атсалысқанын жасырмады, дегенмен олардың көбі ақпараттың жалған екенін білмеген.

Massaget.kz