- Негізгі бет
- Әлемтану
- Вьетнамға саяхат: Ханойдың...
Вьетнамға саяхат: Ханойдың ең танымал 5 жері
Вьетнам астанасы – Ханойда сіз өзіңізді орта ғасырда жүргендей сезінесіз. Ескі қаланың тар және қараусыз көшелері, көліктердің тұрақсыз қозғалысы, ежелгі ғимараттар, тарихи храмдар, жалықпай жұмыс істейтін қарапайым адамдар – мұның бәрі Ханойда әр қадамда кездесетін көрініс.
Дегенмен, Ханойда әдемі заманауи ғимараттар да көп. Сіз астананың әр бұрышынан шағын дүкендерді таба аласыз. Адамдар күндіз-түні туристерге қызмет көрсетумен айналысады: біреу өз асханасында тамақ, екіншісі қолмен жасалған бас киімдерді сатады немесе жолаушыларды автокөлігімен межелі жерге апарады, кейбіреулер жаңа піскен жемістерден суық шырын дайындайды. Жалпы, мұнда бизнес жақсы дамыған.
Егер сіз Ханойға баратын болсаңыз, жалықпайтыныңыз анық, бірақ сапарға дейін қайда баруға болатыны туралы жоспар құрған дұрыс. Массагет порталы Ханойдағы ең маңызды 5 жердің тізімін ұсынады.
1. Old Quarter - Ескі квартал
Ескі квартал – бұл Ханойдың ең маңызды визиткасы. Бұл аймақта ескі қаланың рухын бейнелейтін көптеген мейрамханалар, қонақ үйлер мен дүкендер бар. Көптеген көшелерде жүріп, жергілікті тұрғындардың қалыпты өмірін байқауға болады.
Ескі квартал сонымен қатар кәдесыйлар мен сувенирлерді сатып алу үшін жақсы орын. Бір ғана мәселе мотоциклдер мен скутерлердің көптігінен көшеде жүруге орын таба алмайсыз.
2. Хоанкием көлі
Көлдің өзінде үш аттракцион бар – Тасбақа құлпы, Гук Қызыл көпірі және Джейд тау храмы.
Бұл жер жергілікті тұрғындар мен туристердің сүйікті орындарының бірі. Хоанкием көлі туралы көптеген аңыздар бар. Бұл көлден бір кездері Вьетнам батыры Ле Лой қылыш тапты дейді. Содан кейін ол қылышын қытай басқыншыларымен күресу және жеңу үшін қолданған. Ле Лой көлге алғыс айту үшін барғанда, семсер суға түсіп, оны алып тасбақа көлінің түбіне алып кеткен.
3. Халонг шығанағы
Туристер Халонг шығанағы деп аталатын жерге турфирмалар арқылы бара алады. Бұл жер ЮНЕСКО -ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі де кездейсоқ емес.
Халонг шығанағы 3000 -нан астам аралдан, ұсақ жартастар мен үңгірлерден тұрады.
4. Су қуыршақ театрының қойылымдары
Ханойда ашық аспан астында Вьетнамның тарихымен, музыкасымен, поэзиясымен, дәстүрімен танысуға болады.
Мұнда жүзге жуық театр шеберлері, жас балалар суда керемет билерді, бейнелеу өнерінің үлгілерін, тарихи дастандар мен әндерді орындайды.
Бір ғана мәселе барлық қойылым вьетнам тілінде өтеді.
5. Шеберлер шіркеуі
Chùa Thầy – Шеберлер храмы XI ғасырда салынған және Вьетнамдағы ең көне көрікті орындардың бірі. Ол Сай Сон тауының жанында, жасанды көлдің жағасында орналасқан. Мұнда ағаштарда өсіп тұрған қауындарды көруге болады.
Т. Раушанұлы