Бүгін дүниежүзілік вегетариандар күні. Мұны 1977 жылы Солтүстікамерикалық вегетариан қауымдастығы ұсынған. Кейін 1978 жылы мерекені енгізу идеясын Халықаралық вегетариандар одағы қолдады. Осыған орай вегетариандар туралы қызық деректерді ұсынамыз.
♦ Вегетариандардың алғашқы ұйымы Англияда 1847 жылы құрылған.
♦ Вегетариандардың көбі Үндістанда тұрады.
♦"Вегетариан" сөзі ХІХ ғасырда пайда болды. Оған дейін еттен бас тартқандарды "пифагоршылар" деп атаған. Себебі математик тек көкөністерді жеген екен.
♦ Веган (Vegan) – вегетариандықты қатты ұстанатын адам. Олар ет, сүттен бөлек жануарлардан өндірілетін басқа заттар мен қоспаларды (мысалы, желатин немесе кармин) тұтынудан бас тартады.
Еттен бас тарту трендке айналса
♦ Ұлыбританиялық психолог Хэнк Ротгербердің зерттеуінше әрбір үшінші вегетариан ішімдікке тойып алғанда өз ұстанымдарынан бас тартады.
♦ Кангатарлар – тек қана кенгурудың етін жейтіндер.
♦ Атақты вегетариандар қатарында Сократ, Платон мен Гиппократ, Леонардо Да Винчи, жазушылардан Марк Твен болған, бүгінгі заманның атақты вегетаринтары – Пол Маккартни, Чак Паланик.
♦ Әр бес вегетарианның төртеуі алғашқы бір жыл ішінде ет өнімдерін пайдалануға қайта оралады.
♦ Англия азаматы вегетариан Том Парр тек көкөніс жеп 152 жыл өмір сүрген.
♦ Спортшы Билл Перл ет өнімдерін мүлде жемеген. Бірақ ол оған төрт дүркін "Mr. Universe" титулын жеңіп алуға кедергі бола қойған жоқ және ол соңғы жеңісіне 41 жасында жеткен.