- Негізгі бет
- Әлемтану
- Туу деңгейінің төмендеуі...
Туу деңгейінің төмендеуі әлемде нені өзгертеді?
2064 жылы әлем халқының саны 9,7 млрд адамға жетеді. Ал ғасыр аяғына қарай 8,8 миллиардқа дейін азяды.
Мұндай мәліметтерді Вашингтон штатындағы денсаулық сақтау индикаторлары және бағалау институты (IHME) ғалымдарының болжамына негіздеп BBC News хабарлады.
Зерттеушілер бұл тұжырымға әлемдегі бала туу деңгейінің өзгеруін (бір әйелдің ғұмыр бойында босанатын балалар саны) талдау арқылы келді. 1950 жылы бұл көрсеткіш 4,7 болса, 2017 жылы ол 2,4-ке дейін төмендеді.
2100 жылы Қазақстанда халық саны қанша болады?
IHME сарапшылары 2100 жылға қарай туу коэффициенті 1,7-ге дейін төмендейді деп болжайды. Ғалымдар бұл коэффициент 2,1-ден төмен түссе, Жер халқы азая бастайды дейді.
Ғасыр соңындағы туу деңгейінің төмендеуі әлемде нені өзгертуі мүмкін?
1. Кедей елдер үшін пайдалы болады
Бұл жағдай әлемнің әр түкпіріндегі ұлттарға әр түрлі әсер етеді. Бала туу деңгейінің төмендеуі, іс жүзінде, экономикалық дамумен тығыз байланысты. Бұл кедей елдерде әйелдердің білім алуға және жұмысқа көбірек тартылатындығын, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейіп, бала туу саны бақыланатынын білдіреді.
Осылайша, табысы төмен елдер үшін бала туу деңгейі ең жоғары өмір сүру деңгейін көрсетуі мүмкін. Әр бала үшін табыс үлесі өскен сайын денсаулық пен білім алу мүмкіндігі де жақсарады.
Ал керісінше, жылдар бойы туу коэффициенті төмендеген елдер үшін жаңа қиындықтар туғызады.
Бұл елдерде қарт адамдардың көбеюі жұмысшы және салық төлейтін адамдардың жетіспеушілігін туғызады.
©bbc.com
2. Зейнетке шығу жасы ұзартылуы мүмкін
Қартаюға байланысты мәселенің бірі – осы топқа жататын адамдардың ауру жұқтыру қаупінің жоғарылығы. Алайда медицина мен ғылымның дамуымен адамдардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді.
Соғыс сияқты төтенше жағдайларды бастан кешіретін елдерді қоспағанда, әлемнің әр түкпірінде дүниеге келген сәбилер жиырма жыл бұрын туған сәбилерге қарағанда бес жылға ұзақ өмір сүреді. Мысалы, Руандада жаңа туған нәрестенің өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 2000 жылы туғандарға қарағанда 22 жылға ұзақ.
Ұлыбритания, Германия және Америка Құрама Штаттары сияқты жан басына шаққандағы кірісі жоғары елдерде салауатты өмір сүру ұзақтығы бір жылдан үш жылға дейін өскен.
Сондықтан Оксфорд профессоры Сара Харпер адамдар қартаюға және бала туу коэффициентінің төмендеуіне байланысты алаңдамауы керек дейді.
"Егде жастағы адамдардың денсаулығы 20-30 жыл бұрынғы жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсы, олар қартайса да жақсы жұмыс істейді және өте белсенді өмір сүре алады", - дейді Харпер.
Сонымен қатар, Оксфорд университетінің докторы Ханна Ритчи 50 жылдан кейін жұмыс жағдайы толығымен өзгеруі мүмкін дегенді айтады.
3. Үкімет шекараларды ашуға мәжбүр болуы мүмкін
Туу және өмір сүру ұзақтығы – бұл ел халқының көбеюін немесе азаюын анықтайтын екі маңызды элемент. Осыған көші-қон үшінші элемент ретінде қосылады.
Қарттары көп, жастары аз елдер басқа мемлекеттерден жұмыс көзі – жастарды тартуға мәжбүр болуы мүмкін. Нәтижесінде біз өмір сүріп жатқан әлем этникалық және мәдени араласқан жедел қоныс аударатын орынға айналады.
©bbc.com
4. Ата-ананы қолдау артады
Үкімет халықтың өсуін баяулату немесе жеделдету үшін қатаң шаралар қабылдаған жағдайлар болды. Мәселен, соңғы жылдары Скандинавия елдерінде бала күтімі үшін ұзақ мерзімді ата-ана демалысын бергеннен соң туу көрсеткіші өсті.
Сондықтан, болашақта халқы азаятын дамыған елдер ата-аналарды материалдық және моральдық қолдау арқылы туу деңгейін өсіруге ұмтылады.
Үкімет сонымен бірге зейнетке шығу жасын ұзартып, балаларды тәрбиелеу үшін белгілі уақытқа ата-анаға демалыс береді.
5. Қарттарға күтім жасайтын мейірбикелер дәрігерлер сияқты қажет болады
Лондон экономика мектебінің сарапшысы, доктор Тизиана Леоның айтуынша, салауатты өмір ұзаққа созылған сайын, қарт адамдарға қамқорлық қажет болады.
Доктор Леоне қартайған елдердің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп ескертеді. Оның айтуынша, мұндай елдерде педиатрлар мен акушерлерге қажеттілік аз болады, сондықтан қарттарға қамқорлық жасауды қазірден бастап қолға алу керек.
6. Экология жақсарады
Профессор Харпердің пікірінше, әлем халқының азаюы қоршаған орта мен табиғатқа жақсы әсер етеді.
Ал доктор Ритчи керісінше халық санының азаюы климаттың өзгеруінен бұрын экономиканың өсуіне көбірек ықпал етуі мүмкін дейді.
Т. Раушанұлы