- Негізгі бет
- Әлемтану
- Түркияда Шыңғыс ханның...
Түркияда Шыңғыс ханның немересіне тиесілі керуен сарай қалдығы табылды
Моңғол және түрік археологтары Түркияның Ван аймағынан Шыңғысхан немересі Хулагу ханға тиесілі жазғы сарайдың қалдықтарын тапты. Бұл туралы Montsame хабарлады.
Моңғол мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ғалымдары көне парсы және армян деректерінен ХІІІ ғасырда Хулагу ханның жазғы сарайының орналасқан жері туралы мәліметтерді тапты. Бұл мәліметтерді Ван тарихи мұражайының заттарымен салыстыра отырып, ғалымдар сарайдың қай жерде орналасқанын анықтай алды.
Қазба жұмыстары нәтижесінде керуен сарай мен саз пештің қалдықтары, сондай-ақ хан сарайын еске түсіретін қабырға қалдықтары табылды.
Хулагухан (1217-1265 жж. өмір сүрген) өз заманындағы ең дарынды моңғол қолбасшыларының бірі. Ол Иранның низарилеріне, Бағдадтағы Аббасид халифатына және Мысыр мен Батыс Азияны билеген Айюбилер сұлтандығына қарсы моңғолдар жорығын басқарды. Нәтижесінде бұл мемлекеттер ыдырап, орнына Хулагу мемлекеті кқұрылды. Сол кездегі парсы тарихшылары Хулагу ханның әскері 70 мың адам болғанын жазған.
Хулагухан әйелімен. Иран тарихшысы Рашидуддин Хамадани шежіресіне арналған миниатюра, XIV ғ. © Montsame
Осы уақытқа дейін әлемде төрт моңғол сарайының қалдықтары табылды. Олар: Ішкі Моңғолиядағы (ҚХР) Құбылай ханның сарайы, Ирандағы Амбағай ханның жазғы сарайы және Астрахань облысындағы Алтын Орданың астанасы "Ескі сарай" деп аталатын Батухан сарайы.
Т. Раушанұлы