- Негізгі бет
- Әлемтану
- Түркияда Рим императоры...
Түркияда Рим императоры Адрианның мүсіні табылды
Түркия археологтары әйгілі Рим императоры Публий Элий Траян Адрианның 1900 жыл бұрынғы мәрмәр мүсінінің сынықтарын тапты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Басылымның мәліметінше, мүсін Түркияның батысында Айдын провинциясындағы ежелгі Алабанда қаласының орнында қазба жұмысы кезінде табылған. Сарапшылар мүсін Алабандаға біздің эрамыздың 120 жылы Адриан деген атпен белгілі Публий Элий Траян Адриан Августтың келуіне орай әкелінген деп есептейді.
Бүгінге дейін мүсіннің тек алты бөлігі табылған, оның ішінде бас пен дененің бөліктері бар. Археологтар мүсіннің басқа бөліктерін іздеуді жалғастыруда, соңында мүсін Айдын археологиялық мұражайына қойылады.
Bu yıl kazılarımızda muhteşem bir sezon geçiriyoruz. Prof.Dr. Ali Yalçın Tavukçu ve ekibiyle yürüttüğümüz Alabanda Antik Kenti kazımızda Roma İmparatoru Hadrianus'un 2,5 metrelik heykelinin parçalarını bulduk. Yaklaşık 2000 yıllık emsalsiz heykel müzemize çok yakışacak. pic.twitter.com/nAPkCeOnAx
— Doç.Dr. M.Umut Tuncer (@umuttuncertr) September 13, 2021
Қазір шамамен 500 гектар аумақта орналасқан Алабанда қазіргі Түркияның ең үлкен көне қалаларының бірі. Адрианның билігі кезінде, біздің заманымыздың 117-138 жж аралығында Анадолы римдіктердің бақылауында болды және император қалаға жиі келіп тұрған.
"Біз бұл мүсіннің қасында жазу бар деп есептейміз, мүсін Адрианның келуі құрметіне жасалған", - деді Айдын провинциясының мәдениет және туризм жөніндегі директоры Үміт Түнжер.
Эрзурумдағы Ататүрік университетінің археологы Әли Ялчин Тавукчу аймақта 2015 жылы қазба жұмыстарын бастаған.
"Өткен жылы біз мұнда жұмысты жылдамдаттық. Әлемдегі сирек кездесетін мүсіннің арқасында мұнда көптеген турист келетін шығар", - дейді Тавукчу.
Т. Раушанұлы