- Негізгі бет
- Әлемтану
- Тауық бірінші пайда...
Тауық бірінші пайда болды ма, жұмыртқа ма? Ғалымдар Аристотельдің қателескенін дәлелдеді
Бірінші жұмыртқа пайда болды ма немесе тауық па? деген сұрақ мыңдаған жылдар бұрын ежелгі грек философтары талқылаған белгілі логикалық парадокс. Бұған қатысты пікірлер әртүрлі. Мысалы, Аристотель бастапқыда ештеңе пайда болмады деп есептеді, өйткені құс пен жұмыртқа бір уақытта пайда болған екен. Қазіргі уақытта көптеген адам бұл танымал сұраққа жауап жоқ деп санайды. Бірақ ғалымдар сұрақтың да шешімін тапты.
Биологтар, палеонтологтар және эволюционистер нақты жауапты біледі.
Жұмыртқа дегеніміз не?
Алдымен не пайда болды - жұмыртқа немесе тауықпа дегенге жауап беру үшін жұмыртқаның жалпы не екенін анықтау керек. Шындығында, бұл жай ғана жұмыртқа, яғни ұрықтанғаннан кейін немесе партеногенез (жыныссыз көбею) нәтижесінде жаңа ағза дамитын аналық жыныс жасушасы. Ғалымдардың пікірінше, құрлықта қатты сыртқы қабығы бар жұмыртқа омыртқалылар эволюциясындағы маңызды қадам болған.
Жұмыртқа – қатты қабықшалы аналық жыныс жасушасы
Алғашқы жұмыртқалар қалай пайда болды?
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырсақ, жұмыртқа тауықтың алдында, ал жалпы Жердегі барлық құстардың алдында пайда болған. Остин биоәртүрлілік орталығындағы Техас университетінің мәліметтері бойынша, ең көне қатты қабықты тасқа айналған жұмыртқалардың жасы 325 миллион жыл. Current Biology журналында жарияланған зерттеуде айтылғандай, құстар одан әлдеқайда кейінірек 165-150 миллион жыл кейін өмірге келген.
© livejournal.net
Ғалымдардың айтуынша, алғашқы жұмыртқалардың қазіргідей қатты қабығы болмаған. Олардың қабық тәрізді қатты терісі болған. Осы себепті, Nature журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, мұндай жұмыртқалар сирек тасқа айналады.
200 миллион жылдық жұмыртқаны зерттегенде оның қалыңдығы 100 микроннан немесе 0,1 миллиметрден аспайтын өте жұқа қабығы бар екенін көрсетті. Шамамен бұл адам шашы қалыңдығына тең. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, олар фарфор сияқты қатты болады. Яғни, бұл заманауи жұмыртқаларға ұқсас жұмыртқалардың ең ерте үлгісі. Рас, олар да бүгінге дейін өте нашар сақталған.
Құстар екі аяқты тероподты динозаврлардан пайда болған © hi-news
Құстар қалай пайда болды?
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылайтын болсақ, Аристотель қателескен. Жұмыртқа құсқа қарағанда әлдеқайда ерте пайда болған. Сірә, алғашқы қосмекенділер салған уылдырық уақыт өте келе қатты қабықшаға айналған. Нәтижесінде жұмыртқалар құстардан бұрын жаралып, құстардың пайда болуына 150 миллион жылдан астам уақыт кеткен.
Т. Раушанұлы