Ташкент тұрғындары қала көшелеріне шығып, Ислам Каримовты соңғы сапарға шығарып салып жатыр.
Қаралы кортеж Ислам Каримов күн сайын жұмысқа баратын президент тас жолымен жүріп, кейін әуежай жаққа бұрылды.
LifeNews басылымы Ташкент көшелерімен қаралы кортеждің жүріп өткенін және оның Өзбекстан президенті Ислам Каримовты әуежайға жеткізетінін хабарлап отыр. Көліктер Нүкіс көшесінің бойымен жүрді, оның қашықтығы 15 шақырым.
Жергілікті тұрғындар көшбасшымен қоштасу үшін таңғы 4.00-ден бастап жинала бастапты.
Ташкент тұрғындары қоштасу рәсімінен суреттер мен видеолар жариялап, #мойпрезидент #withKarimov хештегтерін қолданып жатыр.
Ал осыған дейін Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.
Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды.Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтеді. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев.