Қателеспейтін адам болмайды. Кейде сол қателіктерімізден сабақ алып жатамыз. Бірақ кейбір адамдардың қателігінің маңыздылығы соншалық, бұл қателіктер санаулы уақытта бүкіл әлемді өзгертіп жібереді. Уинстон Черчилль : "Тарихты жеңімпаздар жазады" деп айтқан еді. Кей жағдайда бұлай бола бермейтініне бүгін көз жеткізесіз. Массагет порталы "Титаниктің" апатынан бастап Ресейдің Алясканы АҚШ-қа сатуына дейін адамзат тарихындағы ең үлкен сәтсіздіктер мен қателіктердің кейбірін ұсынады.
Мао Цзэдунның торғайларды қыру бұйрығы
1958 жылы Қытай Халық Республикасының негізін қалаушы Мао Цзэдун бір жылда бір торғайдың егістіктен қанша астық жейтінін есептеп, оның мемлекеті торғай сияқты құстарсыз да жақсы өмір сүреді деп шешім қабылдайды. Сосын барлық торғайларды өлтіруді бұйырады. Үш жылдан кейін торғайларды қыру бүкіл Қытай халқын жаппай аштыққа ұшыратады. Өйткені азық-түлік тізбегі бұзылады. Торғайлар қоректенетін жәндіктер ойға келмейтіндей көбейіп (әсіресе шегірткелер) елдің барлық егінін (жеміс-жидек, бақша, дәнді дақылдарды) жеп қояды. Жағдайды түзету үшін Мао Цзэдун дереу шетелден торғай сатып алады. Аштық салдарынан 20-40 миллион адам қайтыс болады.
Наполеон мен Гитлердің қыс алдында Ресейге шабуыл жасауы
Наполеон да, Адольф Гитлер де Ресейге басып кіру әрекеттерін жазда (1812 және 1941) бастады. Бірақ орыстар (КСРО) өздері ойлағаннан да аяусыз қарсылық көрсетті. Нәтижесінде екі жағдайда да шабуылшылар қыста шегіне бастады. Наполеон әскері де, Гитлер әскері де қыстың қатал климатына дайын емес еді. Тарихшылардың айтуынша, осы себепті олар жеңілген.
Роммель әйелінің туған күні Екінші дүниежүзілік соғыстың барысын өзгертті
Күштердің ара салмағын түбегейлі өзгерткен бұл оқиға болмаса, Екінші дүниежүзілік соғыс қалай аяқталар еді, кім білсін. Әрине, біз 1944 жылы 6 маусымда Нормандия туралы айтып отырмыз. Барлығы Адольф Гитлердің өзі жақсы көрген генералдарының бірі – Эрвин Роммельге Францияның солтүстік жағалауын қорғауға бұйрық бергенінен басталды.
Бірақ "Шөл түлкі" деген лақап атқа ие болған Роммель ауа-райының қолайсыздығына байланысты одақтастар Нормандияға шабуылдамайды немесе кем дегенде кейінге қалдыратынына сенімді болды. Сондықтан ол әйелінің туған күнін тыныштықпен атап өтуге шешім қабылдады. Бұл қате еді.
Дәл оның туған күні – 6 маусым, одақтас күштер Нормандия жағалауындағы барлық бес жағажайды басып алып, фашистерді күтпеген жерден тұсап тастады. Тарихшылардың бағалауынша, сол күні 9 мыңға жуық неміс солдаты қайтыс болды, ал тірі қалғандары олардың сәтсіздігі үшін Роммельдің жоқтығын айыптады.
Бір қызығы, Роммель кешігіп болса да Гитлердің өз рұқсатын талап ететін танк қолдауын сұрады. Бірақ бұл кезде фюрер ұйықтап жатқан еді, оны оятуға ешкімнің батылы жетпеді.
Apple акцияларын сату
Рональд Уэйн Apple негізін қалаушылардың бірі болды. 1976 жылы ол компанияның банкротқа ұшырауынан қорқып, өзінің 10% акциясын 800 долларға сатты. Өкінішке қарай, сол кезде ол 10% үлестің қазір шамамен 63 миллиард долларға бағаланғанын білмеді.
Титаник апаты
Тарихтағы ең ірі жолаушылар лайнерлерінің бірі – "Титаниктің" суға батып кететіне ешкім сенбеген. Бірақ 1912 жылы сәуірде Саутгемптоннан Нью-Йоркке алғашқы сапары кезінде оның суға батқанына бүкіл әлем таң қалды. Өкінішке қарай, Титаник мұхиттағы айсбергпен соқтығысып, бортындағы 2224 жолаушының 1500-і қаза тапты. Олардың көпшілігі суда қатып қалды, өйткені лайнерде құтқару қайықтары жеткіліксіз еді.
Ресейдің Алясканы АҚШ-қа сатуы
1867 жылы 18 қазанда Америка Құрама Штаттары Ресейден Алясканы акрына 2 цент (7,2 миллион доллар) төлеп сатып алды. Орыс патшалығы мұны қажетсіз тундрадан басқа ештеңе емес деп есептеп, солтүстіктегі жермен оңай қоштасты. Осы халықаралық келісімнен кейін көп ұзамай ол жерде 1880 жылдан 1890 жылға дейін созылған ауқымды алтын өндіру басталды. Аляска әлі күнге дейін Невададан басқа АҚШ-тың кез келген штатына қарағанда қымбат металдарды көбірек өндіреді.
Пенициллиның ашылуы (антиқате)
Шотландиялық биолог, фармацевт және ботаник Александр Флеминг зерттеу барысында гигиенаға аса мән бермеген. Флеминг пенициллинді дәл тазалыққа немқұрайлы қарағаны үшін тапты. Бір күні ғалым бір ай жуылмаған шай ыдысыннан бактерияларды өлтіретін зеңді байқады. Осылайша алғашқы антибиотик жасалды.
Лондондықтардың мысықтарды өлтіруі
1665 жылы Лондондағы Ұлы оба кезінде адамдар аурудың таралуының негізгі себебі мысықтар деп күдіктене бастады және қаланы обадан тазарту үшін осы үй жануарларын өлтіреді. Алайда, мысықтардың саны күрт азайғандықтан, ауру асқынып кетеді. Өйткені мысықтар аурудың нағыз тасымалдаушылары – егеуқұйрықтар мен тышқандарды аулайтын. Небәрі 18 айдың ішінде Лондондағы Ұлы оба індеті 100 000 адамның өмірін қиды, бұл сол кездегі Британ астанасының төрттен біріне тең еді.
Наубайшының Лондонды өртеп жіберуі
Тарихтағы алапат өрттер: Нотр-Дам де Пари алғашқысы емес
Обадан кейін бір жыл өтпестен Ұлыбритания астанасы тағы бір қайғылы оқиғаға тап болды. Томас Фарринер (Thomas Farriner) есімді наубайшы жұмысындағы майшамды өшіруді ұмытып кетіп, бүкіл қаланың өртенуіне себеп болды. Пуддинг-Лэйн көшесіндегі наубайханадан басталған өрт тұтас Лондонды шарпыды. Себебі қаладағы басым үйлер ағаштан құрылған болатын. Тілсіз жау 4 күн ішінде 13200 үй мен 87 шіркеуді күлге айналдырды.
Бірақ 6-ақ адам қаза тапты. Бұл өрт қалаға пайдалы да болған. Себебі, сол кезде қала өте лас болып, жұқпалы аурулар мен тышқандардың ордасы еді. Өрт кезінде барлық зиянды жәндіктер мен тышқандар, жұқпалы аурулар жойылып кеткен. Осы өрттен кейін Лондон нағыз мәдениет орталығына, заманауи қалаға айналды. Өйткені, алапат өрттің қайталануынан қорыққан қала әкімшілігі жаңа ғимараттарды тек тастан қалай бастаған.
Константинополь қақпасын жабуды ұмытқан жауынгер
V ғасырдың ортасынан ХІІІ ғасырдың басына дейін араб, бербер, болгар, орыс басқыншыларына бағынбаған Константинополь Еуропадағы ең үлкен және ең бай қала болды. 1453 жылы қала Осман түріктері тарапынан қоршауға алынды. Қала тұрғындарының бірі қалаға кіретін бір қақпаны ұмытып кетіп, жаппайды, түркілер сол қақпаны бұзып өтеді. Халық айуандықпен өлтірілді немесе құлдыққа ұшырады, император XI Константин де өлім жазасына кесіледі.
Константинопольдің құлауы бүкіл әлемге, әсіресе Батыс Еуропаға қатты әсер етті. Көптеген тарихшылар, соның ішінде Дж.Мишеле Константинопольдің құлауы Орта ғасырдың соңы мен Қайта өрлеу дәуірінің басын білдіреді деп есептеді.
Осының арқасында Осман империясы қазіргі Түркия деп аталатын мемлекетке айналды.
NASA адамның Айға алғаш қадам басқан бейнесін сатып жіберуі
КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?
NASA мұны мақтан тұтпайды, әрине. 1969 жылы Айға қонған кездегі таспаның видеосы кездейсоқ жойылып, сол таспада тағы да көптеген бейнелер сатылып кеткен. Мұның бәрі ақша үнемдеу үшін жасалған. Себебі, 1976 жылдары НАСА қаржылық қиындыққа ұшыраған болатын. Бұл өкінішті қатені түзету үшін NASA бүкіл әлем бойынша барлық телеарналардан оқиғаны көрсететін бейнелерді жинады және Айға қонудың жаңа ресми бейнесін дайындау үшін жеке цифрлық бейне жасады.