- Негізгі бет
- Әлемтану
- SpaceX ғарышқа 3...
SpaceX ғарышқа 3 турист ұшырады
2021 жылы америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы 3 туристі Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Олар станцияда 8 күн болады.
Ұшуды ұйымдастырып отырған Axiom Space компаниясы америкалық және канадалық инвесторлар Ларри Коннор, Марк Пэтти мен израильдік кәсіпкер Эйтан Стиббені SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесімен ХҒС-ке жіберетінін мәлімдеді.
Олармен бірге экипаж капитаны ретінде бұрынғы NASA астронавты, қазіргі уақытта Axiom Space вице-президенті Майкл Лопес-Алегриа бірге ұшады.
Axiom Space 2020 жылы SpaceX-пен ХҒС-ке 3 туристі ұшыруға келіскен. Жоспар бойынша рейс осы жылдың соңына дейін орындалады. Туристер станцияда 8 күн болады.
Business Insider хабарлауынша, Ax-1 деп аталған миссия қазан айына жоспарланған. Стивтен басқа, ұшу тобында актер Том Круз және кинорежиссер Даг Лайман болуы мүмкін. Бұған дейін Universal Pictures ғарышта таспаланатын алғашқы фильм туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Фильм негізінен Халықаралық ғарыш станциясында түсіріледі. Осыған байланысты актердің ұшуы ХҒС-ның рейстер тізіміне енгізілген.
Айта кетейік, мамыр айында АҚШ кәсіпкері Илон Маск ғарышта әлемдегі алғашқы фильмді түсіретіні белгілі болған еді. Бұл жобаға NASA да қатысады.
Жауынгерлік жанрда түсірілетін туындының әлі ресми атауы жоқ. Оның бюджеті 200 миллион долларға бағаланған.
Т. Раушанұлы