- Негізгі бет
- Әлемтану
- Сөйлейтін шырақ...
Сөйлейтін шырақ
Мальма – Швецияның оңтүстігіндегі сұлулығы кез келгеннің көзін тартатын әсем қала. Копенгагеннен төрт шақырым ғана қашықтықта жатқандықтан, қала бүкіл Скандинавияның көлік торабы мен өнеркәсіп орталығы болып табылады.
Аса үлкен емес, жанға жайлы, қонақжай қалада бәрі де арзан. Қала ұзақ уақыт бойы Данияның қол астында болып келіп, XVII ғасырда Швецияның құрамына өтті. Ескере кететін жәйт, қала тұрғындарынының 1/3 бөлігін эмигранттар құрайды екен.
Бұл мекенде бағзы замандардан бері балық шаруашылығы жақсы дамыған және тұздалған майшабақ экспорттаудан қаланың атағы әлемге жайылып келеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді таңқалдыратын, Мальманың негізгі назар аударарлық құндылығы - 54 қабатты «Иірмек кеуде» ғимараты.
Жә-жә жарар, біздің негізгі айтпағымыз бұл емес еді. Білесіз бе, Мальма қаласында «үш қабатты үй» - алып қалпақты шырақ бар. Ол жылдың қай уақытында болсын жарқырап тұрып қана қоймайды, онымен сөйлесу мүмкіндігі берілген. Иә,иә! Сөйлейтін шырақ!
Мұнда сіз арнайы қойылған орындықтардың біріне жайғасып алып, деміңізді басып, шырақпен әңгіме-дүкен құра аласыз. Өкініштісі, шырақ тек швед тілінде сөйлейді. Ал, сіз швед тілінде сөйлей білсеңіз, бағыңыз жанды дей беріңіз, шырақпен оп-оңай достасып кете аласыз.
Аталған шырақ 2006 жылы тұрғызылған болатын. Сол жылдардан бері сөйлейтін шырақ үскірік аяз бен қарда да салмақты әрі бірқалыпты дауысымен жыл сайын Швецияға ат басын тіреген туристерді қарсы алып келеді. 6 метрлік шырақтың орны қаланың о шеті мен бұ шетіне жиі ауыстырып тұрылатындығымен, ол Жаңа Жыл қарсаңында Лилла Торг алаңына қайтарылады. Ол меркені осы алаңда қарсы алады.
Жұртшылықтың сүйіктісіне айналған сөйлейтін шырақ - Мальманың ғана емес, Швецияның нышаны саналады.
Суреттер: factroom.ru, gooddays.ru,papamaster3.ru,redigo.ru,dewarist.livejournal.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева