Сингапур үкіметі коронавирус індетіне байланысты бизнес пен халыққа үшінші көмек пакетін жариялады. Осы мақсатта жақын уақытта резервтік қордан қаражат бөлінеді, деп хабарлады CNBC.
Үкіметтің шешіміне сәйкес, 21 жастан асқан әр сингапурлыққа 600 сингапур доллары (417 доллар) беріледі.
Сондай-ақ бизнеске де қаражат бөлінеді. Үкімет сәуір айындағы барлық жалақыларды төлеуге уәде берген. Түрлі бағалаулар бойынша, бұл үшін резервтік қордан шамамен 2,9 миллиард доллар алынады.
Шот нөмірін көрсеткендердің ақшасы шоттарға аударылады, ал қалғандары қолма-қол ақша алады. Сингапур Қаржы министрі бұл төлемдерден өз еркімен бас тартқан азаматтарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл ақша ең мұқтаж адамдарға беріледі.
Сингапурда 1 309 адамның коронавирус жұқтырған, алты адам қайтыс болған.
Айта кетейік, коронавирус індетіне байланысты елімізде де 42500 теңге жәрдемақы тағайындалды.
Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады"
Бұдан бөлек Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы карантинге байланысты өз өңірлеріне қайтқан азаматтар үшін арнайы жол картасы әзірленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа байланысты өз өңірлеріне қайтқан азаматтар жаңа жол картасы арқылы өңірлерінде жаңа жұмыспен қамтылатынын брифинг кезінде айтты. Ол үшін мемлекеттен 1 триллион қаражат бөлінген.
Еңбек министрі мәлімдемесі: 85 мың теңге кімге төленеді?
"Сол қаражаттың есебінен елімізде 7 мыңнан астам жобалар іске асырылады. 240 мыңанан астам жұмыс орындары болады. Кеше президент осы "Нұр-сұлтан қаласына, Алматы қаласына, Шымкент қаласына шеттен, өңірден келген жастар қаланың сыртында, қалаға кіре алмай жұмыссыз қалды" деген мәселеге ерекше көңіл бөлді. Президенттің тапсырмасы бойынша өз өңірлеріңізге қайтып жұмыспен қамту картасындағы жобаларға қатысатын болсаңыздар сіздерге жаңа жұмысқа кіріскен күні көтерме өтемақы 85 мың теңге көлемінде төленетін болады. Ол жалақыға қосылмайды. Көтерме кіріспе ақы. Одан кейін жұмысыңызды бастап ай сайынғы жалақыңызды аласыз. Жол картасы бойынша жалақыңыз да 85 мыңнан төмен болмайды. Бұл жөнінде тиісті мамандар, әкімдер сіздерді күтеді. Тапсырма барлық өңірлерге берілді. Жұмыспен қамту картасына жұмыспен қамту орталықтары арқылы шақырыласыздар. Сондықтан, жастар, азаматтар өз өңірлеріңізге қайтқан болсаңыздар жұмыспен қамту картасы арқылы осындай ұсыныстар сіздерге ұсынылады", - деді министр Біржан Нұрымбетов.