- Негізгі бет
- Әлемтану
- Шаңды дауыл америкалықтар...
Шаңды дауыл америкалықтар өмірін қалай өзгертті?
1929 жылы басталған Ұлы тоқырау әлемдік экономикаға айтарлықтай әсерін тигізді. Ең көп зардап шеккендер АҚШ фермерлері еді. Өйткені, дәл сол уақытта АҚШ-та шаңды дауыл басталды. Тарихқа бұл кезең "Дауылды қоршау" (Пыльный котел) деген атпен кірген еді. Бүгін шаңды дауылдың себебі мен салдарын талқылайтын боламыз.
Барлығы Бірінші Дүниежүзілік соғыстан басталады. 1914 жылы Еуропадағы ауыл шаруашылығы тоқтап қалды. Барлық шаруашылыққа жарамды аймақ майдан шебіне айналды. Соғыстан зардап шекпеген американдық фермерлер бұл жағдайды пайдалануға тырысты. Жаңа жерлерді белсенді түрде жырту арқылы өндіріс пен экспортты белсенді арттыра бастады. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің бұл әдісі қауіпті еді. Егер фермерлер ауыспалы егіс пен эрозияға қарсы шараларды қолданбаса, жер аз өнім береді және біртіндеп нашарлайтыны анық.
1918 жылдың қарашасында Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Еуропа біртіндеп өзінің әдеттегі ауылшаруашылық цикліне орала бастады. Америкалық фермерлердің өнімдері енді қажет болмай, артық жүк ретінде қораларда сақталды. Ал үздіксіз егін егілген жерлер жарамсыз болып қалды. 20-шы жылдары Америка үкіметі фермерлердің мәселелерін шешуге тырысқанымен нәтиже болмады.
Шаңды дауыл кезіндегі фермер ұлдарымен, Оклахома, 1936 жыл.
Фото: Arthur Rothstein / Farm Security Administration / АҚШ Конгрессінің кітапханасы
Жырту жұмыстарын белсенді жүргізу қатты құрғақшылыққа әкелді. Жабайы өсімдіктер жойылып, далада құрғақ жел әсерінен біртіндеп шаңды дауылдар күшейе түсті. Алғашқы мұндай дауыл 1930 жылы басталып, 1934 және 1935 жылдары үлкен шаңды дауылдар болды. Дауылдың ошақтары ретінде Колорадо, Канзас, Оклахома, Техас және Нью-Мексико штаттары танылды. Небраска да біртіңдеп бұл тізімге енді. Кей дауылдар Канада аймағына да жетті.
Апатты дауыл үйлерді қиратты, жарты миллионға жуық америкалық баспанасыз қалды. Шаң өкпеге түсіп, пневмония дерті күшейді. Әрине, шаруалар басқа мемлекеттерге қоныс аударуға тырысты, 1940 жылға таман мигранттардың жалпы ағыны 2,5 миллион адамға жетті.
1935 жылдан бастап үкімет дауылдың себептері мен салдарымен күресе бастады. Ауыспалы егістердің федералды бағдарламасы енгізілді және желге тосқауыл болатын орман белдеулері құрылды. Шаруашылықтың жаңа ережелерінің сақталуын арнайы далалық аймақты қорғау қызметі бақылады.
Панхандлом аймағындағы шаңды дауыл бұлты, Техас штаты, 1936 жылдың наурызы.
Фото: Arthur Rothstein / АҚШ Конгрессінің кітапханасы
Жердің дұрыс пайдаланылмауы, құрғақшылық пен дауылдың егіншілік дағдарысы американлықтардың өмірі мен мәдениетіне үлкен із қалдырды. 1930 жылдары АҚШ-та әртүрлі өмір сүріп жатқан қала мен ауыл тұрғындарының арасында дәуірлік "кездесу" болды. Көптеген фермерлер кәсібін өзгертті, өнеркәсіптік өндіріске жұмысқа тұруға тырысты.
Бұл оқиғалар туралы Джон Стейнбек "Ашу шоғы" ("Гроздья гнева") романы және "Тышқандар мен адамдар туралы" ("О мышах и людях") әңгімесінде кеңінен жазды. Фермерлердің жағдайын тым ауыр сипаттағандықтан "Ашу шоғы" романына кей штатта тыйым салынған болатын.
Т. Есқали