Сауд Арабиясындағы әйелдерге қамқоршы ер адамының (күйеуінің немесе туысының) міндетті келісімінсіз мемлекеттен шығуға заңды түрде рұқсат етілді, - деп жазды 1 тамыз күні Saudi Gazette, үкіметтің ережелеріне сілтеме жасап.
Сауд Арабиясында әйелдер мен 21 жасқа толмаған ер адамдарға қамқоршысыз шетелге шығуға тыйым салынған. Енді қабылданған түзетулер негізінде әйелдер өз бетінше құжаттар тапсыруға және шетелдік төлқұжаттар алуға құқылы.
Сауд Арабиясы – әйелдер құқығы жағынан өте консерватив ел. Атап айтқанда, оларға саясатпен айналысуға немесе көлік жүргізуге тыйым салынаған. Соңғы жылдары Таяу Шығыста гендерлік кемсітуді жеңілдету тенденциясы байқалады.
Жақында әйелдерге автокөлік жүргізуге, спорт залдарға және футбол стадиондарына баруға, мейрамханаларда жұмыс істеуге және жеке ісін ашуға, жұмысқа келісімін өздері беруге рұқсат етілді. Алайда олар әлі күнге дейін рұқсатсыз тұрмысқа шыға алмайды және асырап алған отбасы зорлық-зомбылық көрсетсе, көніп өмір сүруге мәжбүр.