Сауд Арабия ханзадасы ұзындығы 120 шақырым ғимарат салғысы келеді

Сауд Арабия ханзадасы ұзындығы 120 шақырым ғимарат салғысы келеді
Фото: NEOM / AFP / Scanpix / LETA

2021 жылы Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман патшалықтың қуаң солтүстік-батысындағы жерлерді игеруге және Мысыр пирамидалары сияқты ұлы нәрсе салуға тапсырма берді. Wall Street Journal араб қаласы туралы жазды.  

Mirror Line ("Айна сызығы") биіктігі 488 метрге дейін жететін, жағалау, таулар мен шөлді бойлай 120 шақырымға параллель орналасқан екі ғимарат. Зәулім ғимараттарды бір-бірімен жаяу жүргіншілер өткелдері байланыстырады, оның астынан метро жүреді.

Сәулетшілер футболды да ұмытқан жоқ – стадион 305 метр биіктікте орналасады\ © NEOM / AFP / Scanpix / LETA

Түрлі дереккөздерге сүйенсек, зәулім қалада 5 миллионнан 9 миллионға дейін адам өмір сүре алады. Олар қала бойынша метромен жүреді. Бір шетінен екінші шетіне 20 минутта баруға болады.

Сондай-ақ, қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтарының құрылымын құру жоспарланып жатыр. Қала таза экологияға негізделіп салынады.

© NEOM / AFP / Scanpix / LETA

Мега жобаның құны 1 триллион долларды құрайды.

 

Неом қаласына тағы 500 миллиард доллар жұмсалады

Сауд Арабиясының ұлттық әл-ауқат қоры тек ағылшын футболына ғана емес, Мұхаммед бен Салманның керемет идеяларына да инвестиция салып жатыр. 2017 жылы тақ мұрагері (және әлемдегі ең жас қорғаныс министрі, қазір 36 жаста) елдің қиыр солтүстік-батысында Қызыл теңіз жағалауында жаңа қала салу жоспары туралы хабарлады.

Көліксіз және көміртегі шығарындылары жоқ ақылды қала Неом (neo – "жаңа", m - арабша "болашақ" деген сөздерден шыққан) деп аталды.

Neom бастамасы Saudi Vision – 2030 жобасынан туындап отыр. Бұл жоспар елдің мұнайға тәуелділігін азайтып, экономикасын әртараптандыруды көздейді.

Neom көптеген инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады деп болжанған: қала қолданыстағы мемлекеттік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді, өзінің салық және еңбек заңдары және тәуелсіз сот жүйесі болады.

Reflection Line зәулім ғимараттары Неомның орталығында орналасады. Қала құрылысының бастапқы бюджеті 500 миллиард долларды құрайды. Ханзада барлық жұмыстарды 2030 жылға дейін аяқтауды талап еткен. Дегенмен, алдын ала болжам бойынша, "Рефлексия сызығы" 50 жыл ішінде біртіндеп қолданысқа енгізіледі.

© NEOM / AFP / Scanpix / LETA

Экологтар зәулім үйлер қоныс аударатын құстардың көшу жолдарын бұзады, ал ғимараттардың айнасы олардың назарын аударады деп алаңдайды.

Бірақ Мысырдың ғасыр құрылысына риза болуы заңдылық. Өйткені ханзада Қызыл теңіздің қарама-қарсы жағалауында орналасқан Шарм-эль-Шейх туристік аймағын дамытуға қыруар қаржы жұмсамақ болып отыр.

Т. Раушанұлы