Сахара шөлінен және оған жақын Сахел провинциясынан 1,8 миллиардтан астам ағаш бар екендігі мәлім болды. Бұл мамандар үшін нағыз жаңалық, өйткені осы уақытқа дейін бұл аймақтың климатында өсімдік өсуі мүмкін емес деп саналды.
Алайда, Копенгаген университеті мен НАСА ғалымдары бұл гипотезаны жасанды интеллект көмегімен жоққа шығарды. Олар Сахара шөлінде жалғыз өсіп келе жатқан жүз миллиондаған ағаштар бар екенін анықтады. Оны зерттеушілер жер серіктерінен алынған көптеген суреттермен растады.
Ғалымдар жасанды интеллектке шөлдің спутниктік кескіндеріне «басқаша қарауды» үйретті. Жасанды интеллект шөлдегі ағаштарды көру үшін әртүрлі ағаштардың мыңдаған бейнелерін зерттеді. Оған Сахара шөлінің көптеген фотосуреттерін қарау үшін бірнеше сағат қажет болды.
Шөл өсімдіктері туралы алынған бұл жаңа білім климаттың дәл модельдерін құруға көмектесетіні атап өтілді. Сонымен қатар, бұл биоалуантүрлілік пен экожүйені түсіну үшін және осы аймақтарда тұратын адамдар үшін маңызды.
Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, Сахараның ауданы 100 жылға жетпейтін уақытта 10 пайызға өскен. Ғалымдар бұған климаттың өзгеруі кінәлі деп санайды.