Пулитцер премиясы алғаш рет подкастқа берілді

Пулитцер премиясы алғаш рет подкастқа берілді

Биыл Пулитцер премиясы алғаш рет подкастқа табысталды.

Пулитцер – Америка газет-журналына, интернет-басылымдарына, тәуелсіз продюсер мен радиобағдарламаларға берілетін ірі премия. Биыл Пулитцер премиясында аудиожурналистикадағы көрнекті жұмыстарға арналған "Аудиорепортаж" номинациясы пайда болды. Оны This American Life радиобағдарламасы жасаған подкаст иеленді.

Подкаст "The Out Crowd" деп аталады. Мұнда мигранттарға қатысты Трамп әкімшілігі қабылдаған протоколдар талқыланған. Қазіргі уақытта АҚШ-қа көшкісі келетін мексикалықтар өтініш қаралғанша Мексикада болуы керек. Подкастқа қатысқан журналистер Молли О’Тул мен Эмили Грин Мексикадағы босқындар лагеріндегі азаматтармен және оларды сонда жіберген АҚШ қызметкерлерімен тілдескен.

Тағы қандай қызық бар?

Биыл The New York Times "Халықаралық репортаж", "Үздік зерттеу" және "Пікір" номинацияларын жеңіп алды. Бірінші номинация Ресей президенті Владимир Путиннің жыртқыш саясатын әшкерелеген материалдар сериясына табысталды.

"Үздік зерттеу" номинациясын Брайан Розенталь иеленді. Ол Нью-Йорк таксистерінің несие құрбаны болғанын айтқан. Ал "Пікір" номинациясы Николь Ханна-Джонсқа берілді. Ол құлдыққа түскен африкалықтар призмасында АҚШ тарихын айтып эссе жазған.

Пулитцер премиясының барлық жеңімпазы мына сілтемеде.