Польшадағы "қисық үй" мұхит толқынының қозғалысы тәрізді етіп жасалынған. Ғимараттың жобасын польшалық Jan Marcin Szancer жасаса, архитекторлық жұмыстарын Яцеком Карновски жүргізген, сонымен қатар бұл жұмысы үшін ол "ұлы қиялдаушылар" конкурысынан жүлделі орын алған. Архитектор бұл жобасы туралы: "Әлемде бірде-бір түзу сызық та, түзу бұрыш та жоқ",- деп сұхбат берген екен. Ол бұл жобасы арқылы табиғаттың құбылысын басқа жолмен көрсете білгенін айтады.
Үйдің ішінде бірнеше кафе, ресторан және сауда үйі орналасқан. Ғимараттың сыртқы пішіні беретін көріністі үйдің ішінен де сезінуге болады. "Қисық үйдің" пайдалануға жарамды ауданы 4000 шаршы метрді құрайды.
Сауда үйі бірінші қабатта орналасса, екінші қабатта екі бірдей радиокомпания кеңселері бар. "Қисық үй" Польшадағы суретке ең көп түсірілетін объектіге жатады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: mikee.ru