Жер шары бізден көмек күтуден шаршаған кезде, ол өзін-өзі емдей бастайды. Барған сайын құрлықты ластап жатқан пластик қалдықтары қоршаған ортаға да зардабын тигізбей қоймайды. Дегенмен, адамзат бұл мәселеге әлі де жеткілікті мән бермей отыр. Мұхиттарда пластикалық қалдықтардың үлкен аралдары пайда болып, күннен күнге кеңейіп жатыр. Көпшілік жағдайдың қауіпті болып бара жатқанын сезбейді. Сондықтан табиғат-Ана оны қорғау үшін күресті бастады.
Ғалымдар 5 жыл бұрын Жапониядағы пластик қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттан алынған топырақ үлгілерінен микробтың жаңа түрін тапты – олар пластикпен қоректенеді. Қазіргі уақытта мұндай микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы кеңейіп келеді. Бұл туралы theguardian жазды.
Микробтар өздігінен бөлінетін ферменттердің көмегімен пластикті ыдыратуға қабілетті. Ғалымдар ферменттердің қасиеттерін зерттеу үшін мұхиттардағы, теңіздердегі және құрлықтағы мұндай микробтардың ДНҚ-сын зерттеді. Зерттеулер көрсеткендей, пластиктің 10 түрін ыдырататын 30 000-ға жуық осындай ферменттер бар.
Алынған үлгілер мұндай ферменттердің болуы, тығыздығы және мөлшері жер немесе су объектісіне қаншалықты зиян келгеніне байланысты екенін көрсетті. Мұндай ферменттердің көпшілігі Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының оңтүстік жағалауларында табылды, өйткені дәл осы аймақтарда пластикалық қалдықтардың мөлшері өте көп.
"Зерттеу үлгілерінің нәтижесінде біз ластану дәрежесіне байланысты аймақтың микробқа азды-көпті төзімді екеніне көз жеткізе алдық. Бұл аймақта пластик неғұрлым көп болса, соғұрлым ол биоматериалды жей алады. Осылайша, табиғат адамзаттың оған жасайтын қысымын жеңілдетуге тырысады", - дейді зерттеу авторы Алексей Железняк.
Дегенмен, ғалымдар тек биоағзаларға ғана сенбеу керектігін алға тартады. 2018 жылы америкалық зерттеушілер пластикті 20 пайызға және тезірек ыдырататын жасанды фермент ойлап тапты. Екі жылдан кейін олар ферментті одан әрі күшейттті. Қазір бұл жасанды организмдердің тиімділігі 6 есе жоғары, яғни олар пластик қалдықтарын бұрынғыдан тезірек "жейді". Атап айтқанда, мұндай ферменттерді тәжірибеге енгізу үшін көбірек зерттеулер мен тәжірибе қажет.