Экологтар планетаның ең суық жерін тапты. Бұл жерде температура минус 92-94 градусқа дейін төмендейді.
The Epoch Times газетінің хабарлауынша, ең суық жер Антарктидадағы патшайым "Маудтың" шығыс бөлігіндегі мұз қалқанының жоғарғы жағындағы "Аргус" пен "Фудзи" күмбездерін байланыстыратын мұзды жотада орналасқан.
Онда ғалымдар тереңдігі 2 метрден 4 метрге дейін жететін шұңқырларды анықтады. Бұл шұңқырларда суық ауа минус 94 градусқа дейін төмендейді. Сарапшылардың айтуынша, егер сіз осындай температурада абайлап дем алмасаңыз, өкпеңіз зақымданады.
Экологтар Aqua және Landsat 8 жерсеріктерінің көмегімен 2003 жылдан бері Жердегі ең суық мекенді іздеген.
Бұған дейін Жер бетінде ең суық температура минус 89,2 градус болған. Мұндай төтенше температура 1983 жылы Антарктидадағы "Восток" станциясында тіркелген.