Space X негізін қалаушы Илон Маск Мысырдағы пирамидаларды өзге ғаламшарлықтар салған деп жазды. Бұған жауап ретінде Мысырдың сыртқы істер министрі Маскты пирамидаларға көруге шақырды.
"Пирамидаларды шетелдіктер салған", - деп жазды Маск twitter парақшасында. Кейін ол тақырып бойынша тағы екі хабарлама қалдырып, 3800 жыл бұрын салынған пирамидаларды адамзат тарихындағы ең ұзақ құрылған ғимарат деп айтты.
Бұған жауап ретінде Мысырдың сыртқы істер министрі Рания аль-Машат Маскты Мысырға шақырды.
"Маск мырза, мен сіздің жұмысыңызды қызығып бақылаймын. Сізді және Space X командасын Мысырға шақырамын. Пирамидалардың қалай салынғанын және оларды салғандардың қабірлерін көріңіздер. Біз сіздерді күтеміз", - деп жазды Египеттің сыртқы істер министрі twitter парақшасында.
Масктың жазбасы оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Пайдаланушылардың көпшілігі пирамидалар туралы қызықты ақпарат және суреттермен жауап берді. Археология профессоры Сара Парчак Маскты "мысырлық ғалым" деп атады. Ол Space X-тің негізін қалаушыға пирамидалардың құрылысы туралы ақпараты бар папирустар бар екенін және қажет болса оны көрсете алатынын жазды.
Сонымен қатар, пирамида құрылысшыларының қабірін қазуға қатысқан мысырлық археологтар Масктың мәлімдемесіне жауап берді.
"Пирамидалар туралы айтқандарыңыз толығымен ойдан шығарылған, оларды мысырлықтар салған", - дейді археолог Захи Хавас.
Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 метр. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады.
Алайда қоғам арасында оны ежелгі адамдар тұрғызуы мүмкін еместігі, мұндай технология тек өзге ғаламшарлықтар да болған деген пікір дау тудырып келеді.