Жапониялық Эмма Харука Ивао "Пи" санын 31 триллионға дейін есептеп шығып, жаңа әлем рекордын орнатты. Бұрынғы рекорд Питер Труэбке тиесілі еді. Ол 2016 жылы "Пи" санын 22 триллионға дейін есептеп шыққан.
Әр жылы 14 наурыз "Пи" күні ретінде аталып өтіледі. АҚШ-та ай/күн/жыл реттілігімен жазылады. Мысалы, 14 наурыз 3/14 болып жазылады яғни "Пи-дің" алғашқы сандары – 3.14.
Пи саны— шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын көрсететін және математикада белгілі бір иррационал санды белгілеу үшін қолданылатын грек әрпі. Бұл белгілеуді алғаш рет 1706 жылы ағылшын математигі У. Джонс (1675 — 1749) пайдаланғанымен, жаппай қолданысқа 1736 жылы Л.Эйлердің (1707 — 83) еңбегінен кейін ғана ене бастады. Бұл санды есептеп шығу үшін математиктер біраз жылдан бері еңбектеніп келеді. Пи саны өмірімізде маңызды роль атқарады. Мысалы, оны: физика және басқа салаларда кеңінен қолданады.
Google компаниясында жұмыс істейтін Эмма Харуканың айтуынша, "Пи" санының "сиқыры" оны жас кезінен өзінен баурап алған. Оған есепті жүргізу үшін 170 терабайт мәлімет пен 121 күн кеткен. "Пи санының шегі жоқ, мен тағыда көптеген сандарды табуға әрекеттеніп көремін", – дейді Эмма.
Google-нің мәліметінше, "Пи" санының шешімін айтып шығу үшін 332064 жыл керек болады екен.