- Негізгі бет
- Әлемтану
- Перигелий: Күн Жерге...
Перигелий: Күн Жерге барынша жақындады
Бүгін, 5 қаңтарда Күн мен Жер максимал жақындады. Нәтижесінде телескоптан Күн дискі шілде айындағы планеталар бір-бірінен барынша алшақтаған сәттегіден 3 процент үлкен көрініп тұр. Бұл туралы жексенбі күні Мәскеудегі планетарий қызметкері Людмила Кошман ТАСС-қа мәлімдеген.
"Жексенбі, 5 қаңтарда ғаламшарымыз перигелийде – жылына бір рет қайталанатын Күнге ең жақын нүктесінде болады. Жер ол тұстан қаңтардың басында өтеді, ол 147 млн шақырымды құрайды. Ең алыс нүктесі афелийден шілденің басында өтіп, Күннен 152 млн шақырым қашықтықта болады. Күн диаметрі бұрыштық градуспен өлшенеді. Афелий мен перигелийдегі Күн дискінің диаметрі арасындағы айырмашылық көзге көрінбейді, өйткені Күн дискі жарты жылда біркелкі жүреді. Дегенмен, оларды салыстырар болсақ, Күн дискінің диаметрі қаңтарда 3 процент үлкен болады", - деп түсіндірді астроном.
Сондай-ақ, ол Жердегі жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күннен қашықтығына емес, Жердің өз осін айналуына байланысты екенін еске салды. Жер Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта айналып шығады.
Т. Раушанұлы