Патшайым ІІ Елизавета қайтыс болғаннан кейін үнділер кохинұр гауһарын қайтаруды талап етті

Патшайым ІІ Елизавета қайтыс болғаннан кейін үнділер кохинұр гауһарын қайтаруды талап етті
Фото: forbes

8 қыркүйекте британдық монарх патшайым ІІ Елизавета қайтыс болғаннан кейін үнділер арасында «Кохинұр» сөзі танымал бола бастады.

Кохинұр алмазы – ІІ Елизаветаға арналған тәждегі 2800 асыл тастың бірі. Оның салмағы 105 карат және тәждегі басқа тастардан ерекшеленеді.

Үндістан халқы кохинұрды ағылшындар заңсыз алып кетті, сондықтан оны қайтару керек деп санайды.

Патшайым ІІ Елизаветаның кохинұрмен безендірілген тәжі © Getty Images

Кохинұрдың тарихы

Кохинұр - (Kohi Noor - парсы, «Жарық тауы») – тарихтағы ең әйгілі гауһар және және британдық корольдік отбасының қазынасына енгізілген ең үлкен асыл тастардың бірі.

Ол қазіргі Үндістанның Андхра-Прадеш аумағында ХІІ-ХІV ғасырлар аралығында, Какатия әулетінің тұсында өндірілген. Оның өңделмегендегі салмағы 793 карат болды деп есептеледі.

Калькуттадағы баспасөз мәслихатында көрсетілген Кохинудың көшірмесі (2002) © Getty Images

Кохинұр туралы алғашқы жазба деректер ХVІ ғасырға жатады. 1526 жылы Үндістанға жорық жасаған Бабыр мен оның ұлы Хумаюн Панипат шайқасында Роджа бикерамиттер сарбаздарын жеңді. Оның әйелі өзінің барлық қазынасын, соның ішінде Кохинұрды Хумаюнға тапсырады.

Кейін асыл тас парсылар мен ауғандардың қолына өткен.ХІХ ғасырда сикх Махараджа Ранжит Сингх оны ауған билеушісі Шуджа Дурраниден алып, Үндістанға қайтарады.

ХІ ғасырдың ортасында Үндістанның Пенджаб аймағы Ұлыбританияға қосылды. «Шығыс Үндістан» компаниясы 10 жасар Махароджа Данджип Сингхті жері мен мүлкінен бас тартуға мәжбүрлеп, асыл тасты сатып алады.

Содан кейін компания Патшайым Викторияға Кохинұрды сыйлайды. Оның күйеуі ханзада Альберт тасты қайта өңдеуге бұйырады. Осыдан кейін гауһар патшайым Александра мен Мария патшайымның тәждерін безендірді.

Кохинұрдың шамамен «өмір жолы» осындай болған. © Twitter

Содан бері Кохинұр Ұлыбританияның әшекейлерінің бірі болды. Бірақ Иран, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан үкіметтері алмазды қайтаруды талап етіп келеді.

Айта кету керек, Кохинұр тәжінің салмағы 2,8 кг, сондықтан британдық монархтар оны әрдайым кие бермейді.

Патшайым Елизавета II Кохинұрлы тәжімен © Getty Images

Ұлыбританияның Кохинұрға заңды иелік етуіне күмән келтірілетіндер бар

Асыл тастың болашағы туралы ешқандай жоспар айтылмаса да, үнді жұртшылығы оның Ұлыбританияда қалғанын қаламай, қайтарылуын талап етеді.

Бұл гауһар тасты қайтарудың бірінші әрекеті емес. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін үкімет Кохинұрды қайтаруды талап етті. ІІ Елизавета таққа отырғанға дейін де бұл талап тағы да қойылды. Бұл талаптар еленбеді, өйткені Ұлыбритания Кохинұрды Үндістанға қайтаруға заңды негіз жоқ деп есептейді.

Үндістанда туған, қазір Ұлыбританияда тұратын автор және саяси шолушы Саурав Датттың айтуынша, Ұлыбритания гауһар тасты қайтаруы екіталай.

Рас, жақында британдықтар Нигерия үкіметіне Бениннің 72 қола жәдігерін қайтарды. Бұл тарихи жәдігерлерді ХІХ ғасырда британдық сарбаздар ұрлап кеткен және британдық мұражайларда сақталған.

Бірақ Датттың пікірінше, британ қоғамының билеуші ​​топтары «империяның романтикалық күшіне әлі де қатты сенеді, бірақ ол әлдеқашан өмір сүруін тоқтатып, бұрынғы ықпалын жоғалтты». Кохинұр – осы құдіреттің символы. Оның қайтарып беру корольдік отбасының тамырына балта шабумен бірдей.

Т. Раушанұлы