Массачусетс технология институтының зерттеушілері мен Сингапур зерттеу қоры пандемия кезінде саяхаттайтындарға арналған Covid Controls сайтын жасады. Платформада әр мемлекеттегі коронавирусқа қатысты статистика, шектеу шаралары, шекара статусы көрсетілен.
Сайттан мемлекеттердің эпидахуалынан бөлек, әуежайлардың шектеу шараларын, талаптарын білуге болады.
"Осыған дейін саяхатшыларға арналған, пандемияны мониторинг жасайтын платформаның жоқ екенін біліп, осы сайтты жасадық", - дейді жоба авторларының бірі Мохит Шах.
Егер картадағы мемлекеттің үстін басса, экранның сол жағында елде инфекцияны қанша адам жұқтырып, қайтыс болғанын, елдегі дүкен, бар, туристік орындардың ашық-жабық екенін білуге болады.
Сайт күн сайын 500-ден аса ресми дереккөздерді бақылап, ақпаратты жаңартып отырады. Негізінен ДДҰ, денсаулық сақтау министрліктері мен әр елдегі туризм комитеттерінің сайттарына мониторинг жасалады.