PepsiCo корпорациясы Aunt Jemima таңғы асқа арналған өнімнің логотипін өзгертеді.
Бұл өнімнің логотипінде ХІХ ғасырдың аяғында ақтар ұйымдастырған шоуда ән айтатын афроамерикалық Джемайма бейнеленген. Джемайма бейнеленген логотип – ақ отбасындағы қара қызметшіні бейнелейтін қорлау болып есептеледі.
Сонымен бірге Mars Inc. компаниясы Техас фермерінің қолында жұмыс істейтін афроамерикалық бейнеленген Uncle Ben's өнімінің логотипін өзгертетінін мәлімдеді.
Соңғы аптада Миннеаполисте полиция тұтқындаған кезде қайтыс болған Джордж Флойдтың өлімінен кейінгі нәсілдік кемсітушілікке қарсы наразылықтар кезінде брендтер әлеуметтік желілерде жиі талқыланды.
PepsiCo сонымен қатар афроамерикалықтарды қолдауға бес жыл ішінде 400 миллион доллардан астам қаражат бөлетінін мәлімдеді. Mars Inc. Компаниясы да нәсілшілдікті жоюды өзінің міндеті деп санайтынын хабарлады.