Мұнай – экономиканың негізгі көзі. Бүгінде адамзаттың әл-ауқаты осы қара алтынға байланысты. Мұнай грек халқының "нафта" деген сөзінен шыққан ол жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінде кездесетін мұнай мен газ көзінің терең орналасқан қабаттары адам баласына ертеден жұмбақ болып келді.
"Қара алтын" ежелден адамзатқа белгілі болған
Кезінде мұнай халыққа əр заманда құдірет күші деп танылады. Ерте дəуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалануды білген. Геродот шығармаларында Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көзі болғанын, жиналған мұнайдан пайда болған асфальтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады.
Плутарх Александрдың өмірі туралы шығармасында мəңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы əсірілеп жазған. Византия мемлекетінің жауынгерлері дұшпанына қарсы соғыстарда тарқатылған кендерді ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұратын, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл оқиға "Грек оты" деген атпен қалды.
ХVІІ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген мұнай кені ғылымға мұнайдың пайдалы қор екені мəлім бола бастады. Осыдан кейін "қара алтынды" жаппай игеру басталып кетті.
Бірыңғай теория жоқ
Зерттеушілер планетада мұнайдың қалай пайда болғаны туралы өз гипотезаларын көптен бері ұсынып келеді. Бірақ әлі де оның пайда болуы туралы бірыңғай теория жоқ.
Мұнай мен газ үнемі жер қыртысында табиғи қуыстар (тесіктер, жарықтар) бойымен қозғалады. Алайда, минералдың қай жерде және қалай пайда болатыны дәл бүгінге дейін белгісіз. Табылған кен орындары – бұл табиғи байлықтың жиналған қоры ғана.
Осыған қарамастан ғалымдар мұнай түзілуінің екі ықтимал гипотезасын анықтады. Оның бірі – органикалық, екіншісі – бейорганикалық.
Органикалық теория
Мұнай қосылыстарын анықтай алатын көрсеткіштер бар. Соның бірі – сазды жыныстар. Бұл бір кездері теңіз түбінде жатқан балшық. Уақыт өте келе ол теңіз жануарларының қалдықтарымен, құммен және топырақпен араласып, жинақталады.
Миллиондаған жылдар өткен соң, тығыздықтың, жоғары температураның және қысымның әсерінен мұндай балшық тасқа айналады.
Жердің қыртысындағы органикалық заттар жоғары температура мен қысымның әсерінен ыдырап, химиялық реакциялар кезінде майға айналады. Бұл өзгеріс 50-350 миллион жылға созылады.
Жердегі барлық мұнай-газ компаниялары бірдей теорияны ұстанады, сондықтан олар табиғи байлықты сланец бар жерден іздейді.
Бейорганикалық теория
Химия өнеркәсібінің дамуы мұнай мен газды бейорганикалық қосылыстардан зертханалық жағдайда алуға болатындығын көрсетті. Мысалы, көміртегі оксиді мен сутектің қоспасы (синтез газы) көмірсутектерге айналуы мүмкін.
Әйгілі ғалым Д.И.Менделеев те мұнайдың бейорганикалық шығу теориясын ұсынған. еді. Орыс химигінің айтуынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктеріне айналған ауыр көмірсулар қоспасы боп шығады.
Сонымен қатар, көмірсутектер көбінесе күтпеген жерден пайда болады. Сондықтан кейбір геологтар мұнай Жер бетінен 50-240 километр тереңдікте пайда болды деп санайды. Олар жанғыш сұйықтық метан қорынан шығады, содан кейін жаңадан өндірілген мұнай қуыстар мен жарықтар арқылы планетаның жоғарғы қабаттарына жетеді дейді.
Бұл теорияның бір қателігі мынада: осылайша қалыптасқан ресурстық кластерлер кез келген жерде жиналуы мүмкін. Одан гөрі сазды тақтатасты табу әлдеқайда оңай. Алайда, егер мұнай мен газдың көзі бейорганикалық болса, онда олардың қоры таусылмайды.
Ал мұнай қорының шектеулі екенін айтып ғалымдар жылдар бойы дабыл қағып келеді. Алдағы жарты ғасырда біз мыңдаған жыл бойы пайдаланып келген табиғи байлық қоры таусылуы мүмкін.