- Негізгі бет
- Әлемтану
- Монако - әлемдегі...
Монако - әлемдегі ең кішкентай мемлекет
Монако – Жерорта теңізінің жағалауындағы Еуропаның оңтүстігінде орналасқан әлемдегі ең кішкентай және халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттің бірі. Мемлекеттің жер аумағы - 2,02 км² (Нью-Йорктегі Орталық саябақтың аумағынан екі есе кіші).
Монако туралы ең қызықты 5 дерек:
1. Монако мемлекетінің атауы ежелгі грек тілінің «моноикос» - «дәруіш», «тақуа» деген сөзінен шыққан.
2. Монако – әлемдегі ең кішкентай мемлекет. Оның аумағын толығымен басынан аяғына дейін небәрі 56 минуттың ішінде аралап шығуға болады.
3. Монако – әлемдегі әскери оркестрінің құрамы әдеттегі әскери топтың санынан жоғары болатын (82-85 адам) жалғыз мемлекет.
4. Өте көне әрі аты аңызға айналған Монте-Карло казиносы барлық құмар ойыншыларға ойын барысында кез келген алаяқтықтың түрінің орын алмайтындығына жүз пайыз кепілдік береді.
5. Монако - атақты « Формула-1» гонкасының басталатын жері. Жарысты өзіңізге қолайлы түрде тамашалаймын десеңіз, есту қабілетінен мәңгілікке айрылмай тұрғанда, құлағыңызды он мың доллар тұратын арнайы тығынмен бекітіп қоюыңыз керек.