- Негізгі бет
- Әлемтану
- Мемлекеттердің қауіпсіздік рейтингі...
Мемлекеттердің қауіпсіздік рейтингі жарияланды
Исландия әлемдегі ең қауіпсіз ел. Ол тағы бір рет жаһандық бейбітшілік индексі Global Peace Index-те көш бастады.
Экономика және бейбітшілік институтының аналитикалық орталығы мемлекеттердің жаңа қауіпсіздік рейтингін ұсынды. Рейтингтің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды. Бұл тізімде екінші орында Жаңа Зеландия, үшіні орында Португалия. Ең қауіпсіз ондықтың қатарына Аустрия, Дания, Канада, Сингапур, Чехия, Жапония және Швейцария кірген.
Рейтингтің соңғы орындарында Йемен, Оңтүстік Судан, Ирак, Сирия және Ауғанстан тұр.
Жаңа рейтингте 163 елдің ішінен Қазақстан 70-орында. Ал көршілеріміз Қырғызстан 93-орында, Өзбекстан 103-орында, Тәжікстан 107-орында, Түрікменстан 116-орында.
Айта кетейік, Әлемдік бейбітшілік индексін 2007 жылдан бастап Экономика және бейбітшілік институтында әлеуметтанушылар мен экономистер құрастырады. Индексті есептеу үшін 163 елдің деректері талданады. Онда 23 фактор, оның ішінде қылмыс пен өлім, саяси және экономикалық тұрақтылық және адам құқықтары ескерілген.
Т. Раушанұлы