- Негізгі бет
- Әлемтану
- Мемлекеттер арасындағы ерекше...
Мемлекеттер арасындағы ерекше шекаралар
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер. Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.
Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады. Назарыңызға кейбір мемлекеттер арасындағы ерекше шекараларды ұсынамыз.
Канада мен АҚШ шекарасы
АҚШ пен Канада арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзақ шекаралардың бірі. Кедендік бақылау екі ел арасындағы ең ірі жолдарда ғана жүзеге асырылады. Ауылдық жерлерде, егістіктерде және ормандарда кедендік бақылау бекеттері немесе шекара бөгеттері жоқ.
Германия, Чехия және Польша шекаралары
Немістің бірнеше қаласы көршілес елдермен тікелей шекарада орналасқан, ал олардың кейбірін өзге ел қалаларынан тек өзен, ал кейде жалғыз көше бөліп тұрады.
Испания мен Португалия арасындағы шекара
Екі елдің шекарасы 1214 шақырымға созылып жатыр.
Словакия, Австрия және Венгрия шекарасы
Словакия, Венгрия және Австрия арасындағы мемлекеттік шекаралар осы елдердің тұрғындары үшін кедергісіз ашық.
Нидерланды мен Бельгияның шекарасы
Нидерланды мен Бельгия арасындағы Барле ауылы әлемдегі ең даулы шекара. Бүкіл ауыл Нидерландымен қоршалған, бірақ оның 26 бөлек аумағы Бельгияға тиесілі. Туристерді шатастырмау үшін шекара көшелерінің ортасына ақ крест белгілері қойылған. Осылайша қонақтар Бельгияда немесе Нидерландыда екенін біле алады.
Швейцария мен Италия шекарасы
Швейцария шекарасының жалпы ұзындығының жартысына жуығы Италиямен шектеседі. Екі ел шекарасы тек құрлық қана емес, сумен де түйіседі.
Польша мен Украина шекарасы
Екі ел шекарасының басым бөлігі жыл сайынғы жергілікті өнер фестивалінің алдында безендіріледі.
Аустралияның кез келген басқа мемлекетпен шекарасы сумен шектеседі
Аустралия мұхиттармен және теңіздермен шектеседі, батысында Үнді мұхитымен, оңтүстігінде Тынық мұхитымен, солтүстік-шығысында Маржан теңізімен, солтүстігінде Арафура теңізімен және Арпетерия шығанағымен шектеседі.
Бразилия мен Уругвайдың шекарасы
Жаяу жүргіншілер шекара жолымен жүреді.
Норвегия-Швеция шекарасы
Суретте – осы мемлекеттердің шекарасындағы Суинзунд көпірі.
Қытай-Моңғолия шекарасы
Динозаврлардың ерекше мүсіні екі ел шекарасында орналасқан.
Т. Раушанұлы